Шымкентте 5 жігіт көлік жүргізушісіне оқ жаудырған

  • 20.01.2015
  • 357 рет оқылды
  • Пікір жоқ

18 қаңтар күні кешкісін Шымкенттегі Бауыржан Момышұлы көшесінде көлікте келе жатқан жігітке оқ атылып, жүргізуші ауыр жарақатпен аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Оқиға былай өрбіген. 1993 жылы туған азамат "Тойота Камри" маркалы көлікпен келе жатқан кезінде белгісіз біреулер автомашинамен қуып жетіп, қарудан бірнеше рет оқ атқан.

Ол басына тиген бытырадан жарақат алады. Қаңғыған оқтан көшеде келе жатқан қыз бала да жеңіл жарақаттанған.

Осы іске қатысты шұғыл іздестіру жұмыстары нәтижесінде 5 жігіт қолға түскен. Олар қазір қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Қаладағы Абай ауданы прокуроры Әбутәліп Мұстафаевтың мәлімдеуі бойынша, ұсталған 5 азаматтың жеке бастары анықталған. Тергеу амалдары барысында қылмыс кезінде тағы бір жігіттің болғаны белгілі болыпты.

Қазір күдікті іздестірілуде. Тергеуді ішкі істер органдары жүргізуде.

nur.kz

Алдыңғы «
Келесі »