2019 жылға қарай әлемдегі жұмыссыздар саны 212 млн. адамға дейін ұлғаяды

  • 20.01.2015
  • 243 рет оқылды
  • Пікір жоқ

 2019 жылы жұмыссыздар саны әлемде 212 млн адамға дейін ұлғаяды.

Бұл болжам сейсенбі күні Женевада жарияланған Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) «Жаһандық еңбекпен қамту және әлеуметтік мүмкіндік: 2015 жылдың үрдісі» баяндамасында көрініс тапты, деп хабарлады ТАСС.

Зерттеу авторлары атап өткендей, алдағы жылдары жұмыссыздықтың өсуі әлемдік экономикадағы бірнеше факторға: өсімнің бәсеңдеуі, табыстағы теңсіздіктің ұлғаюы мен тұрақсыздықтың артуына байланысты болып отыр.  «2008 жылы дағдарыстың басталуынан 61 млн.-нан астам жұмыс орны жойылды. Бұл біздің болжам бойынша. Жұмыссыздық онжылдықтың соңына дейін ұлғаяды», – деді, баяндаманы оқыған Халықаралық еңбек бюросының бас директоры Гай Райдер.

ХЕҰ табыстағы теңсіздіктің өсуін болжады. Қазір бай адамдардың 10% барлық табыстың 30-40%, ал кедейлердің 10% барлық пайданың 2-7% алады. Бұл үкіметке деген сенімді үзді, дейді зерттеушілер. Бұл проблема, әсіресе,  жастар арасындағы жұмыссыздық тез өсіп келе жатқан аймақтарда өзекті. 

inform.kz

Алдыңғы «
Келесі »