• «Ақиқат» журналы
  • >
  • Ақпарат
  • >
  • ҰҚК төрағасы Қазақстан Президентіне ведомствоның алдағы кезеңге арналған жұмысының негізгі міндеттері туралы баяндады

ҰҚК төрағасы Қазақстан Президентіне ведомствоның алдағы кезеңге арналған жұмысының негізгі міндеттері туралы баяндады

  • 20.01.2015
  • 269 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы  Нұртай Әбіқаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Н.Әбіқаев Елбасына ведомствоның қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жұмысының негізгі міндеттері туралы баяндады.

Кездесу барысында халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы тиімді  іс-қимыл мәселелері талқыланды. 

Сонымен қатар мемлекеттік шекараны нығайтуға бағытталған шараларға да ерекше көңіл бөлінді.

Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

inform.kz

Алдыңғы «
Келесі »