Қазақстан бюджеті ақшаны заңдастырудан 338 млн теңге тапты

  • 19.01.2015
  • 414 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан бюджеті ақшаны заңдастырудан 338 млн теңге тапты.

"Ұлттық банк есебінің мәліметі бойынша екінші деңгейлі банктер 9,6 млрд теңге жалпы сомасына ақша заңдастыруға 51 жинақтау шотын ашқан, соның ішінде жинақтау шоттарынан 3,1 млрд теңге шешіліп алынған, бюджет ақшаны заңдастырғаны үшін 338 млн теңге алым төленген. Қазақстан экономикасына 2,9 млрд инвестицияланған", – делінген таратылған хабарда.

Ел аумағындағы мүлікті заңдастыру бойынша, жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияларға 131,6 млрд теңге жалпы сомасына 17 070 арыз келіп түскен: 96,4 млрд теңгеге 13 637 тұрғын үй нысаны; 33,7 млрд сомасына 7752 тұрғын үй емес нысан, соның ішінде 20,5 млрдқа 1630 сауда нысаны; 0,7 млрд сомасына заңды тұлғалардың қатысу үлесі; 0,8 млрд сомасына құнды қағаздар. Барлығы 47,8 млрд сомасына 8310 нысан заңдастырылған.

"Алматы облысы аумағындағы салық органдарына Қазақстан сыртындағы мүлікті жекешелендіруге арыз келіп түскен. Дубайдағы заңдастыруға ұсынылған мүліктің құны 108,229 млн теңгені құрады. Осыған дейін хабарланғандай, сәл бұрынырақ Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Ресейдегі мүлкін 421 мың теңге сомасына заңдастыруға арыз тапсырған. Соңғысын заңдастыру туралы шешімді осының өзінде салық органдары қабылдап қойған", – деп атап көрсетілген хабарда.

nur.kz

Алдыңғы «
Келесі »