Алматыда тежегіші істен шыққан автобус 10 көлікке зақым келтірді

  • 19.01.2015
  • 394 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Кеше Алматыдағы "Қазақфильм" ықшамауданында жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, 7 адам зардап шекті.

Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.

Агенттік таратқан мәліметке сүйенсек, №31 бағыттағы автобустың тежегіші істен шыққан. Есенәлиев көшесімен солтүстік бағытқа қарай төмен түскен автобус алдындағы Мерседес автокөлігіне түйіскен.

Алматыда тежегіші істен шыққан автобус 10 көлікке зақым келтірді

Жеңіл көлік пен автобустың соқтығысуынан тағы да 10 машинаға зақым келді. Содан соң, автобус MAN қоқыс тиегіш көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасынан 7 адам зардап шекті, оның үшеуі бала, біреуі жүкті әйел. Автобус жүргізушісінің екі аяғы да сынып кеткен.

Жол оқиғасы кезінде қысылып қалған жүргізушіні құтқару қызметі шығарып алды.
 

nur.kz

Алдыңғы «
Келесі »