Әлемдегі ең бай әйел анықталды

  • 18.01.2015
  • 372 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Wealth-X and UBS Billionaire Census 2014 басылымы дүние жүзіндегі миллиардерлер тізімін жариялады. Олардың жалпы саны 2325 болса, мұның 12%-ын әйел адамдар құрайды екен. 

Нәзік жандылардың капиталының жалпы көлемі 930 миллиард долларға жетеді. Алайда 216 миллиардер әйелдердің тек 17%-ы ғана байлықтарына өз еңбектерімен қол жеткізген. 

Сонымен, Американың ең бай әйелі Кристи Вэлтон болып шықты. Оның байлығы 37,9 миллиард долларды құрайды. Кристиге бұл қаражат Walmart-тың негізін қалаушының ұлы, 2005 жылы жол апатынан көз жұмған Джон Вэлтоннан мұраға қалған. 

Ал Еуропаның әрі ең бай, әрі ең кәрі әйелі ретінде 92 жастағы Лилиан Бетанкур аталды. Оған әкесінен L'Oreal косметикалық империясы мұраға қалған. Оның байлығы – 3,3 миллиард доллар көлемінде.

Таяу Шығыстағы ең бай әйел деп израильдік Шери Арисон танылды. Ол Апоалим банкінің бақылау пакетінің және Arison investments компаниясының иегері. Мұның бәрі оған әкесі Тед Арисоннан қалған. Шеридің байлығының жалпы көлемі 4,2 млрд. долларды құрайды, деп хабарлайды MIGnews.com.

 

inform.kz

Алдыңғы «
Келесі »