ҚР Қаржы министрлігінде бірқатар тағайындаулар болды

  • 14.01.2015
  • 381 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде кадрлық өзгерістер орын алды. Бұл туралы аталмыш ведомствоның ресми порталында хабарланған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Мұхтар Таңатұлы Бейсембаев алмастыру тәртібімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің төрағасы ретінде атқарып отырған қызметінен босатылды. 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Айдар Зейноллаұлы Мекебеков Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары; Азамат Әзімханұлы Мелдебеков Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Ал Амандық Тұрсынұлы Молдашев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті төрағасының орынбасары ретінде атқарып отырған қызметінен босатылып, ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ауыстырылды.

inform.kz

Алдыңғы «
Келесі »