Қазақстанда алғаш рет валюталық режим енгізілуі мүмкін

  • 25.12.2014
  • 335 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Республикада валюталық шектеу енгізілуі мүмкін. Бұл Ұлттық банктің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында ақ-қарамен көрсетілген. Қазір елімізде либералдық валюталық режим орнатылды деп хабарлайды  Businessnews.kz.

Соған сәйкес, капиталдың емін-еркін жүруіне тиым салынбаған, коммерциялық қызметтің іске асуына бөгеттер жоқ. Бұл жүйе Ұлттық банк тарапынан 2002 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске асырылуы тиіс болатын. Нәтижесінде осыдан 7 жыл бұрын ұлттық валютаның толық айналымға түсуі қадағалаланып, жүзеге асырылды. Капиталдың жүруіне және шетел валютасында шот ашуға қатысты лицензиялық операциялар алынып тасталды. Еліміздегі валюталық реттеудің басты міндеті — валюталық операцияларды әрі капитал келуін ақпараттық базамен қамтамасыз ету. Бұлар экономикаға қауіп төнген жағдайда жедел әрі нық қадам жасауға, сондай-ақ қаржы жүйесін тұрақты сақтап тұруға бағытталған.

Алдыңғы «
Келесі »