Астанадағы алюминий және металпластик өнімдерін шығаратын компания базасын кеңейтпек

  • 25.12.2014
  • 343 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Астанадағы алюминий және металпластик өнімдерін шығаратын компания соңғы 5 жылда өнімділікті екі есеге ұлғайтқан. Олар мұнымен шектеліп қалмақ емес. Жақында мемлекеттік бағдарлама аясында шыны өңдейтін жаңа база ашуды жоспарлап отыр деп хабарлайды  Businessnews.kz.

Елордадағы Парламент Сенаты, «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы, «Марриотт» қонақ үй кешені сияқты зәулім ғимараттардың құрылысында «Алкон» фирмасының ізі жатыр. 16 жылдың ішінде осы компанияның алюминий, металпластик өнімдерімен салынған нысандардың саны тек Астананың өзінде 50-ге жуық.

Бұл шыны өңдейтін қондырғы. Түрлі көлем, формада кесіп, жонып, қырып береді. Және энергия, жылу үнемдеу үшін бірден қалың қабатталады. Бас қаламыздағы шыны-әйнекпен қабырғасы қапталып, төбесі жабылған ғимараттардың дені осы кәсіпорынның өнімі. Мұның сыртында алюминий, металпластиктің күрделі құрамаларын шығаратын технологиялық желі де тоқтаусыз жұмыс істеп тұр.

Ерлан Мұхамеджанов, алюминий цехының шебері:
– Мынау станок немістің станогы элемотех деген. Ең кішкентай 50 сантиметрден 6 метрге дейін профилді обработка жасайды. Оның бәрін алдын ала программаға енгіземіз, компютер сосын сол программамен барлық жұмысты істейді.

Мұнда өнім сапасына аса маңыз береді. Сондықтан сұраныс зор. Осы уақытқа дейін Қазақстан аумағын қамтамасыз етіп келсе, енді шетелге де шықпақ ойлары бар.

Әлфия Япиева, «Алкон» ЖШС сауда бөлімінің басшысы:
– Бес жыл бұрын шамамен 30 мың шаршы метр өнім шығарсақ, қазір 50-60 мың шаршы метрге жетті. Келер жылы өндірістік цехтарымызды кеңейтіп қана қоймай, шыны өңдейтін жаңа базаны іске қоспақпыз. Мұндай өндіріс орны елімізде жоқ. Қазір Алкон серіктестігінде 250 адам жұмыс істейді. Алдағы жылы жаңа цехтың ашылуымен олардың қатары тағы 30 адамға толықпақ.

Алдыңғы «
Келесі »