МИЛЛИОНЕР ДІНМҰХАМЕД ЫДЫРЫСОВ ӨЗІНІҢ БИЗНЕСІН қалай орнықтырды

  • 18.12.2014
  • 5042 рет оқылды
  • 1

«Бақытыма қарай менің өз өмірімде дос­ты немесе бизнесті таңдау деген бол­ған жоқ. Біздің өз ұстанымымыз: «Егер, біреумен іс жасасаң, ондағы ең ма­ңыз­дысы істің өзі емес, оны кіммен жа­сайтындығыңда», – дейді «Ордабасы» то­бының  басшысы.


Дінмұхамед  Ыдырысовтың қабылдау кабинеті итальяндық  шеберлер қолымен жерорта теңізінің сән-салтанаты сәнімен жасалынған. Тосында қисынға келмес­тей тоздыға келді – импрессионистік Шар­­деновтың еңбегі елестейді. Бұл  осыдан алты жыл бұрын тамаша да әдемі кескіндеме суреттер коллекциясын жинақтаумен әуес­тенген, атақты «Орда­­басы» тобының не­гі­зін қалау­­шының және акционердің  сүйікті суретшісі болып табылады екен. Жалпы, зауыттардың, банктердің, мұнай кеніштері мен коммуналдық  жүйелердің  иегерімен жеке таныстық барысы кезінде  іскер ортаға қарағанда оның неғұрлым бетке ұстар академиялық  саяси элитаға жақын адам  екендігі туралы  пікір туындатады. Өзіндік іс мәнерінде сөйлейді, өзіндік әзіл-қалжыңқойлығы да бар. Кө­біне парасаттылыққа бейім. Дінмұхамед Ыдырысовты білетін жандар ол өзін қор­шаған маңғаз да дәрежелі кісілерге қа­рағанда жеке атрибуттық мәртебесіне нем­құрайдылығымен ерекшеленетіндігін жақсы біледі. «Ол кез келген істі жасанды, мақтану мақсатымен жасамайды және қоршаған ортасына үнемі ықыласын тө­гіп, бар зейінімен көңіл бөледі. Ал, мұндай игі қасиеттер  оның деңгейіндегі іскерлерде сирек кездеседі. Жұмыста әртүрлі жағ­дайлар, тіптен, тік мінез көрсетуге де  тура келетін кездер де болады. Ондай келеңсіз жағдайлар өз басында орын алып жатса,  Дінмұхамед оны соңынан  жуып-шаюға бар», – деп, онымен 15 жыл бірге жұмыс істеп келе жатқан Ержан Дос­тыбаев өзінің аға серіктесіне осындай мінездеме береді. 
Осы жақсы қасиеттері Ыдырысовтың Көлікжолдар қатынастары институты ка­­фе­д­расында зертханалық қызметтен ғы­лым кандидаттығына дейінгі барлық өт­кен кезе­ңінен (ҒЗИ-ның аспирантурасында  оқып жүрген кезінде құрылыс материалдары жайына терең үңіліп, ашқан бірнеше жаңа­лықтарына патент алды. Олардың басым бөлігі Қазақстан мен Ресей зауыттарында өндіріске енгізілді) жалғасып келе жатуы да мүмкін.  Десек те «өміріне бастау бола білген» – Оңтүстік Қазақстан  облысы, Ордабасы ауданындағы (компанияның аты да осыдан) ауыл мектебінде мұғалім және директоры болған көп балалы отбасынан алған тәрбиесінен де болар. Оның қол жеткізіп отырған жетістіктерінің ең бастысы және бәрінен жоғарғысы ағарту саласы айдынында алған білімі мен «дұрыс» тәрбиесінен де  екендігі даусыз. 

Бартер бойынша  жүргізілген 
«Нефтянка»
«Тастарды шашып тастау уақыты» кел­ген кезде, жалпы ғылым сияқты құ­рылыс ғылымы да іздемпаз әрі тынымсыз жас ғалымның барлық күшін салатын  орнықты орнына айналмады. Ыдырысов іскерлікті 90-шы жылдардың басынан оқытушылықпен қатар алып жүрді. 
«Әлбетте, ол кезде таңдау да, ерекше түсінік те болмады, жағдайларға байланысты жүріп жатты. Барлық сатып алу және сату  – аяқ киімнен бастап компьютерге дейін, бөлшек саудадан шағын көтерме саудаға дейін жетті. Артық бөлшектер Ресейден жеткізілді. Соңынан оның барлығының  көлемі барынша өсіп, бірқалыпты оқытушылық жұмысқа уа­қыт та жетіспейтін болды. Одан кетуге де мүмкіндік болмады – институттан жібермей қойды», – деп еске түсіреді елі­міздің ең ықпалды да  бай  іскерлерінің бірі.
Қазір «институт жібермей қойды» деген сөз таңданарлықтай болып естіледі. Бірақ, ССРО елінің адамдарына ол кезде қаншалықты кеткің келгеніңмен басшылар орныңа істейтін  адамды іздеп таппайынша «жұмыс орнын» тастап кетпеу  табиғи заңдылық еді. Әйткенмен, жағдай көмектесті. 1996 жылы теміржол мен көлік қатынастары жолдары институттары біріктіріліп, оқытушыларға – жұмыстан шығуға және қабылдауға (мұның өзі жұмыс беруші демалыс күндеріне жәрдем ақы төлеу қажеттілігінен  қашқақтау үшін) екі өтініш жазу ұсынылды. Бірақ, ол екіншісін жазған жоқ.
Міне, сол уақытта «Алма Ойл» ЖШС-гі тіркелген болатын. 
«90-шы жылдардың орта шенінде біз жүйелі түрде жұмыс істеп, ірі сұ­ра­ныстарды орындай бастадық. Бірде, «Қа­зақойл» мұнай кеніштері құ­рал-жаб­дықтарына арналған артық бөлшек­терді жеткізіп бердік. Олардың ақшалары болмады да бізге  оның орнына мұнай өнімдерін айырбасқа алуға ұсыныс жасалды. Бізге еш байланыссыз жағдайларға сәйкес  осылайша мұнай базарына кіру сәті түсті. Бірнеше жылдан соң барып, маржинальды және тез дамушыға айналдық», – деп Д. Ыды­рысов үлкен бизнестегі алғашқы өзінің қадамы жайында әңгімеледі.
 Барлығы да ерекше бір шапшаңдықпен  өсе түсті. Жыл өткен соң-ақ, бір ғана  ЖШС-гі  шеңберінде  жұмыс істеу оларға  тым тар бола бастады. Сонымен, тағы бір компания  – «Ордабасы»  өмірге келді. Табыстан түскен  ақшалар өндіріс жасауды қаржыландыруға құйылды. 90-шы жылдардың соңына қарай мемлекет импорттың орнын толтыру бағ­дарламасын қабылдады. Өңдеуші секторлар преференция ала бастады. Д. Ыдырысов серіктестіктерімен бірлесе отырып алғашында  Өскемен арматура зауытын сатып алды, одан соң  ресейліктермен біріге отырып (кейінірек олардың үлестері сатылып алынды) Ақтөбе мұнай құрал-жабдық зауытын салды. Соңынан Өскемен арматура зауыты сәтті сатылып жіберілсе, Ақтөбе  зауыты осы уақытқа дейін  «Ордабасы» құзырында.

Адамдар және  іс
Дінмұхамед Ыдырысов «достарыңмен бизнес жасама – не бизнесіңді, не дос­тарыңды жоғалтасың» ұстанымының тара­луымен келіспейді. «Алма Ойлда» да, «Ордабасыда» да әріптестері мен серік­тестері арасында достары, курстастары, Автожолдарда бірге қызмет жасаған әріп­тестері, тіптен, бұрынғы студенттер де бар­шылық.
«Бақытыма қарай, менің өмірімде  – досты немесе бизнесті таңдау деген ешқашанда болған жоқ. Мүмкін бұл жағынан менің жолым болған шығар, – деп езу тарта отырып, Ыдырысов әңгімесін одан ары қарай былайша жалғастырды: – Біздің ұстанымымыз: «Егер, біреумен іс атқаратын болсаң, онда бастысы істің өзі емес, ең маңыздысы кіммен жұмыс істеу». Сондықтан да, кіммен істес болсам да, олармен  (оның ішінде мемлекеттік қызметке немесе өзінің бизнесіне кеткендермен де) осы уақытқа дейін жақсы қарым-қатынастамын. 
Егер де «Алма Ойл» Қазақстандағы барлық алғашқы компаниялар сияқты (со­циалистік өнеркәсібі «ескерткіштерінен» басқасы) «қолдағы барымен сомдала түссе», соның ішінде жақсы табыстармен ақша таба бастаған  «Ордабасы»  компаниясы өз жұмыстарын одан ары қарай да  «дұрыс» бизнес ұстанымы бойынша құруды шеш­ті. 2000 жылдың басында стратегияға қосы­лып және оның ішінде шетелдік «үлкен төрттіктен» кеңесшілер жалдады. 
«Әрине, біздің өзімізге де көп оқып-үй­­ренуге тура келді. Мұнда ғылыми ма­шықтық та айтарлықтай пайдасын ти­гізді, – деп көңілдене әңгімесін одан әрі жал­ғастырды Ыдырысов. – «Алма Ойлда» бізді толығымен жағдай басқарды. Ал, «Ордабасыда»  жағдайды өзіміз басқаруға және тек өзіміздің стратегиямызға сай жұмыс істеуге тырыстық».

 Шымкент және шиналар  
Дегенмен, стратегия шеңберінде «Ордабасыда» орын алған аса белгілі «қателік» ол – Қазақстанда заманауи шина жасау өндіріс орнын құруға жасалған әрекеттерден жібе­рілді. Компания банкроттық жағдайдың алдында тұрған, кезінде өздерінің өнімдерімен бір заманда Ресейдегі Горький автозауытын қамтамасыз еткен белгілі Шымкент шина зауытын сатып алды. Кеңестік зауыттар кең масштабты жұмыс істеуді жақсы көретін, оның ішінде Шымкент өндірістік корпусы да 160 гектар жер көлемін иеленген еді. 
«Біз несие алдық, $30 млн. көлемінде өз жеке қаржымызды салдық, өндірісті тірілтіп… және үш айдың ішінде бар­лық қоймаларды толтырдық. Сапасы ше­­телдік аналогтан еш кем болмаса да тұтынушылар біздің өнімді сатып алғылары келмеді. Бағасы екі есеге дейін арзандады, – деп есіне түсіреді «Ордабасы» қожасы. – Сатып алушылар сапасы аса жоғары тауарды қажет ететіндігін, бұл істі біз алып жүре алмайтындығымызды, ескірген технологияны ауыстыру үшін оған орасан зор инженерлік және ғылыми жұмыстар талап етілетіндігін, маркетинг қажеттігін  түсіндік. Сөйтіп, әріптестер  іздестіре бастадық».
Белгілі Nokian Tyres концерні әріптес болды. Финдер келіп, барлығын аралап көрген соң бұл Шымкент шина шығару орнын түгелімен ысырып алып тастауды ұсынды. Олай болмаған жағдайда 160 гектар жер астындағы тозығы жеткен коммуникациялармен тиімділікке қол жеткізу мүм­кін емес еді. Жаңа зауытты Астанада тұрғызуды шештік. Онда салықтық же­ңіл­­діктерге сәйкес СЭЗ-і бар болатын. 2007 жылдың 19 қазанында Ordabasy – Nokian Tyres кәсіпорнымен бірлесе оты­рып жеңіл автокөліктерге арналған шина шы­ғару зауытының құрылысын салу туралы келісімге қол қойылды. Фин ком­па­ниясының үлесі  10% құрады. Оны 50 % дейін көтеру мүмкіндігі қарастырылды. Келісімшартқа сәйкес Nokian Tyres СП ноу-хауға  беруі тиіс болатын.  Концерн үшін Nokian  және  Nordman маркаларын шығару және сонымен бірге арнайы талданған жаңа өнімді өндіріп, содан соң Қазақстан мен Орталық Азияға, сонымен бірге Ресейге, Шығыс Еуропаға сату жоспарланған. Nokian Tyres өзі  толық қуаттылығы бойынша өнім  шығару мерзімін (жылына 4 млн. шина) 2013 жылға белгілейді. Ал, алғашқы бес жылда  резервтің  35-65%-дық  қуаты  пайдаланылады  деп  күтілген.
Бірақ, ол жүзеге аспай қалды. Осы мер­зімге тура бір ай қалғанда АҚШ-та ипотекалық көпіршік жарылып кетті. Өз­деріне салынатын айып пұлға қарамастан  финдердің  Азиядағы жаңа жобаға қарауға еш мүмкіндігі болмады. 
Жуырда Шымкенттегі 160 гектарда алғашқы жеке индустриялды аймақ іске қосылды. Ыдырысовтың сөзіне қарағанда бұл қызметке сұраныстар баршылық. Алаңның 50% қазір өз иеленушілерін тапқан. Әйткенмен, салынған қаржының қайтарымын ұзақ күтуге тура келеді.

Үлкен мұнай
«Ордабасының» ең сәтті де үміт күттірер  ойдағыдай жобасы мұнай болды. Матен кені­шін өңдеген компания 2005 жылы  $200 млн. сатып алынған болатын.  Сомасы бәсекелестер ұсынғаннан айтарлықтай көрнектілеу еді, – деп мойындайды Ыдырысов.
«Бұған барғанда бізде тәжірибе де, кадрлар да жеткілікті, жобалау институтымыз да бар болатын, – деп әңгімелейді ол. – Қажетті ақшаны жинау үшін  (несиеден басқа), барлық жылжымайтын мүліктерімізді, жерімізді, қажет болғанда жұмыс істейтін кеңселерімізді де сатып жібердік». Жылжымайтын мүліктен $100 млн. жуық жинадық. Бір жылдан соң бұл активтер $20 млн. құрады.
Мұның барлығы да «Алланың құды­ретімен» келген, сәтін салған  көл-көсір табыс еді, деп есептейді Ыдырысов: «Сатып алуды бастағанда бір барель мұнайдың бағасы ауданда $50 тұратын. Келісім 2006 жылы  аяқталды. Осы жобамен ті­келей айналысудың нәтижесінде команда екі жылдан соң бұл істі абыроймен жүзеге асырып,  жоғары шыңға шықтық. Мұнайдың бағасы шарықтап $147  дейін өсті».
2014 жылдың басында 95% сату қытай-нидерланд Sino-Science Netherland Energy Group  «Матен Петролеум» келісімі $535 млн. сомамен аяқталды. «Ордабасы» коман­дасының үлесіне 5% пен компанияны басқаруға қатысу мүмкіндігі қалды.
«Біздің стратегия – бизнесті ең жоғары деңгейге  (максимум) жеткізіп, бұл максимум бірнеше жылға жалғасатын фазаға жеткенде сату», – деп түсіндірді Ыдырысов. Бірақ, бұл жолдың болу факторын қайта өзгертпейді: бұл Украина дағдарысына және мұнай  бағасының жүйелі түрде құл­дырауына дейінгі уақтысында болды.
Түскен ақшалар  бірнеше жаңа жобаларды қаржыландыруға жұмсалды, оның бірі, әлбетте, мұнай саласы болып табылады. Маңғыстау  облысындағы «Аңсаған петролеум» шағын компаниясы  сатылып алынды. Жылдың соңына қарай өнімді игеруді бастайтындықтарына сенімді. Мұнай баға­сының құлдырауынан Ыдырысов қауіп­тенбейді: «Ең жоғары шыңға тек екі жыл­дан соң ғана шығамыз, ал, ол уақытқа дейін барлығы да орнығатын шығар деп ойлаймын».

Банктер мен «Алма ТВ» арасындағы ортақтастық деген  не?
Дінмұхамед Ыдырысов пен оның се­рік­­тестерінің мұнайдан басқа өзгешелігі екі жаңаны – бұрындары «еуразиялық үштікпен» аффилиренген RBK Банкін және Дариға Назарбаева мен Нұралы Әлиевке тиесілі «Алма ТВ» кабельді операторын 100% иеленіп, бақылау жасауы үлкен тербеліс тудырды. Осы уақытқа дейін Ыдырысов пен  және онымен аффилиренген адамдармен бірге  Сенім Банкке (соңынан ол Qazaq banki деп аталды)  бақылау жасауды сатып алған болатын. Бір мезетте банк­тер мен кабельді теледидар сияқты осыншама әртүрлі активтерге қызығушылыққа түсіндірме жоғарғы жақта жатыр.
«Кез келген дағдарыстан соң өрлеп-өсу болады, – дейді Ыдырысов. – Біз баға түскен кезінде негізінен өзіндік баға құнымен, ал, кей жерлерде одан да төмен бағамен сатып аламыз. Және  бұл банктерді дамытуда өзіміздің көріп, байқайтынымыз бар. Болашақ – интернет-банкингте, сон­дықтан да, біз барлық инфрақұрылымды осыған қарай жасаймыз. Бұрынғы инфра­құрылымға ондаған миллион долларды сал­ған үлкен банктерге қайта құрылу өте күрделі. «Алма ТВ» кабельді теледидардың ең ірі операторы, сондықтан да қаржыны кең тілмелі интернетке құятын боламыз. Кабельдік теледидардың бұл жағынан  мүм­кіндігі өте жоғары. Мобильді интернет қымбат және әркезде сапасы жақсы бола бермейді, жер серіктерінің жылдамдығы ауа райының жағдайына өте тәуелді. Кабельді интернетте мұндай кемшіліктер жоқ, ақпарат қас-қағым сәтте және өте сапалы беріледі. мұның барлығы да банк­терге тікелей байланысты».
RBK бойынша жоспар – екі жылдың ішінде  алғашқы ондыққа кіру. Оны Qazaq bankiсіне қосу жоспарда жоқ. Дамыту стра­тегиясында жеңіл-желпі ерекшеліктер бар. екі банк те әмбебабты болады. RBK-ны сатып алған кезде жеке капиталға бағ­дарланған еді. «Алма ТВ» бойынша сома келісімін  Ыдырысов ашып айтпады: «Айтарым, бағасы бізді де және сатушыны да қанағаттандырады, – дей келе мынаны қосты: – Онда бізден басқа да сатып алушылар болды. Шынын айтсақ, біз аздап кешіктік – осыдан екі-үш жыл бұрын интернет-байланыс нарығына іс жүзінде бәсекелестік болмай тұрғанда шығуымыз керек еді».

ККС және сақтандыру: болашаққа деген есеппен
 Корпорациядан басқару компаниясына айналу «Ордабасының» барлық бизнестері үшін, оның ішінде Қарағандыда, аздап ОҚО  коммуналдық қызмет көрсетумен айналысатын «Қазақстандық коммуналды жүйелер» ЖШС стратегиялық жағынан жақсы деп есептейді Ыдырысов. Олар бұл бизнестік салаға қаржылық көмек көрсетілмей, са­лықтар төленбей, тұралап қалған 2000 жылдары енді. 
 «Мұндай бизнестің өсетіндігін біз 90-шы жылдардың соңына қарай білгенбіз, – деп түсіндіреді Ыдырысов. – Ия, тарифтер төмен болған, қарыздар көлемі өте зор, банктер қаржыландырғысы  келмеді. Олар түскен табыстар мен кірген кірістерге мән берді. Осыған қарап-ақ коммуналды сектордың қандай жағдайда болғандығын және табысын  пайымдауға болар еді. Бірақ,  бағаға бәрібір уақыт өте бір реті  келетіндігіне біз сенімді едік және  өз қар­жымызды салдық. Пайда қазір де түсіп отырған жоқ, бірақ капитализация өсуде».
Соңғы жылдары ККС ауқымды  жаң­ғырту жүргізуде. Нәтижесінде АСКУЭ барлық төрт деңгейді енгізген еліміздегі жалғыз энергетикалық  «Қарағанды Жарық» компаниясы ешқандай да коммерциялық  шығынға батқан жоқ.
ККС-те 12 мың қызметкерлер жұ­мыс істейді, бұл – барлық топтағы қызмет­кер­лердің жартысынан астамы.
Елімізде сақтандыру бизнесінің (СК Amanat  Insurance) болашағы  (перспективасы) сәулетті, деп есептейді Ыдырысов:
«Біз әлі де болса сақтандыруды дұрыс­тап бастай алмай келеміз. Мысалы, шет елдерде санэпидстанса мейрамханаға бар­­­­майды. Сақтандыру компаниясы сақ­тан­­­­­дырылған мейрамханалардың стан­дарт­қа сәйкестігін, мысалы, тамақтың сапасына және қауіпсіздігіне деген талап қоюшылардың (клиенттердің)  талапта­рына  ғана  сай бақылайды. Мұның өзі сыбайлас жемқорлықты төмендетеді. Біз де бұған жетеміз, олай дейтінім қазақ­стан­дық сақтандыру нарығы жыл сайын 20-25% өсіп келеді».
Құрылыс та жандана (Дінмұхамед Ыдырысов бірнеше құрылыс компанияларында ірі көлемдегі үлеске ие) түскен. «Мұндай бағалар әрине, дағдарысқа дейігідей емес, бірақ, табыс қайтарылып келеді», – деп нақтылай түсті ол.
2013 жылы «Ордабасы» тобы  көлемі $195 млн. астам  салық төледі.

БТА-мен  болған  оқиға
Әрине, Мұқтар Әблязовпен болған жанжал әңгімесі «Ордабасының» негізгі акционерлерін  айналып өткен жоқ. Оның банкісі мемлекет меншігіне айналдырылған соң олигархтардың органы «Республика» газетінде «Ордабасы» БТА Банкін лақтырып кетті» атты материал жарияланды. Онда корпорация банкке $150 млн. көлемінде зиян келтірді деп айтылған. Анықталғандай, 2007 жылы «Ордабасы» БТА Банкісіне  $180 млн. депозит салған және іле-шала сол сомаға жылына 13,5% несие алған. Соңынан 2009 жылдың 2 ақпанында БТА Банктің жаңа басшылары осы операцияның барлық кепілдік  құ­жаттары «жоғалды», БТА ақшалай қаржы кепілдігі евробондыға ауыстырылып,  қай­тарымы 2015 жылға дейін белгіленген, сол кездегі белгіленген баға 20% көп емес болатын, міне бұл аталған банкке айтар­лықтай шығын келтірді, деп жазылған. Ал, Ыдырысов тіптен де бұлай емес (ол бұл тақырыпқа алғаш рет түсініктеме беріп отырған сияқты)  деп сендіреді:
«Біз ол кезде арабтармен бірге қор аш­тық (ол қор осы күнге дейін жұмыс істеп келеді), ақшаны көрсету үшін БТА Банкісіне $160 млн. салдық.  Ал, менімен аффилиренген девелоперский компаниясы осы уақытқа дейін банкпен табысты  жұмыс істеп келген. Дағдарыс болған кезде оның кепілдіктері бағасызданды. Банк сол депозиттегі $180 млн. жуық несиені (кредитті) біздің жабуымызды қалады.  Егер, біздің депозит осы компаниямен қалайда байланысты болса, онда оны  банктік  қызмет заңына сәйкес автоматты түрде алып қояр еді. Ондай байланыс болған жоқ. Біз бұл несиені жабу үшін $83 млн. қаржыны жаратып $200 млн БТА еуробондысын алып банкіге бердік. Ал, девелопер компаниясы  $67 млн. оған дейін банкіге төледі. Бұдан соң еуробонды тағы да көбірек құнсыздана түсті. Банктің жаңа командасының қы­сы­мымен қарыз алушы тағы да $30 млн. төлеп және барлық кепілдігін беріп, бан­кротқа ұшырады. Сонымен, ол компания баршаның пікірі бойынша басқа қалған қарыз алушыларға қарағанда БТА  Бан­кімен жақсы есеп айырысты». Ал, бұл бондылар несиешілердің дауыс беруі кезінде қайта құрылып отырған банктің пайдасына ше­ші­луіне бірден бір ерекше рольде ойнады. 

Келешекке жұмыс істеу
Дінмұхамед Ыдырысов қазақстандық өңдеуші өнеркәсіптің болашағына сенеді.  Жуырда топ «ҚазАзот» компаниясының үле­сін сатып алды. 
«Дағдарысқа дейін  елімізде  «голландық сырқаттың» барлық түрлері көрініс берді. Мысалы, бізде  электросақтауыш шамын шығаратын кішірек зауыт болды. Ол жылына небәрі $200 мың пайда келтіретін, әйтсе де жұмыс істеді. Бірде бізге келіп, осы зауыт тұрған жерге $4 млн. ұсынды. Зауыт сіздікі, оны тарқатып, шығарып  өздеріңмен бірге алып кетулеріңе болады деді олар. Қазір еліміз дағдарыстан шығып келеді. Өңдеуші сектор үшін преференциялар бойынша мемлекет дұрыс саясат жүргізіп келеді деп ойлаймын мен. Біз инвестицияға жағдай жасау жөніндегі жаңа бағдарламаға мұқият көңіл аударамыз, Дұрыс бағыт тапқан кезде оған міндетті түрде қатысамыз», – деп уәде етті Ыдырысов.
Бизнесменнің пікірі бойынша  бұған Кедендік Одақ та, әлемнің жетекші өнді­ру­шілерімен іскерлер Одағын құру мақ­саты да  ықпал ететін болады. Оны толған­дыратыны тек аумақтағы ұзаққа созылған геосаяси қарбаластығы мазасыздандырады. 
«Қазір кім не айтпасын, бірақ, санкция әрине, әсер ететіндігіне Ыдырысов се­німді. – Менің түсінігім бойынша біз эко­­­но­микалық одақты экспортқа бірге шы­ғу үшін құрдық. Ал, Ресейде басталған оқшауландыру мақсаты әрине зиянын ти­гі­зеді. Ірі бизнесті қаржыландыру проб­лемасы («Ордабасының» кейбір жобала­ры ресейлік мемлекеттік банктерден не­сие­ленеді) басталып та кетті.  Егер де, мұ­най бағасы қатты құлдырап кетсе, онда барлық бизнеске қиын болады».
Мұнай бағасы $80 баррельден төмен тү­сіп кетсе, ең қиыны сол болмақ, деп есеп­тейді Ыдырысов.
Ол сонымен қатар, білім күшіне өте се­неді және «Болашақ», Назарбаев Уни­вер­ситеті мен зияткерлік мектептері өте жақсы. – Мұның барлығы да еліміздің болашағы үшін мемлекетіміз жасап жатыр, – дейді ол. Дінмұхамед Ыдырысов – жеті баланың әкесі және олардың оқуымен өзі тікелей айна­лысады. Үлкен ұлы мен қызы студент, АҚШ-та, екі қызы Сингапурде, кiші екі ұлы – Haileybury Almaty  оқиды, (ең кішісі біржарым жаста).

Неге Сингапурде?
«Онда қауіпсіз және білім беру деңгейі жоғары. Мұндай дәрежедегі оқу орнына түсу өте қиын, бірақ осыған қарамастан бірнеше Қазақстандық жоғары сынып оқушылары (бұрын мұнда негізінен тек қытайлар мен үнділер оқитын)», – деп біз­бен сұхбаттасушы өзінің мақтанышын жасыра алмады. Оның сөзі бойынша біз­дің оқушылар дайындықтың жоғары дең­­­­гейін көрсете алған. Келесі жылы да син­гапурлықтар  Қазақстанға қабылдау комиссиясын арнайы  жібермек. 
Есімі кеңінен танымал іскер Ыды­ры­сов­тың ермегі (хоббиі) – отбасы. «Жұ­мыс­тан соң үйге асығамын – балаларыммен көбірек бірге болғым келеді», – деп мойындады ол.  – Бұл тек құр сөз емес, – деп ма­құл­дайды Ержан Достыбаев. – «Ордабасыны» құрушы қазір де өзін босаңсытуға жол бермейді. Іс сапарға шыққан кездерден бас­қа күндері ертеңнен кешке дейін  кеңседе болып, жұмыс күнін толығымен қызметіне арнайды.
Ардақ БӨКЕЕВА,
«Forbes Kasakhstan» журналының 
рейтинг бойынша редакторы

Алдыңғы «
Келесі »

1 Пікір бар

  1. Сәлеметсіз Бе,
    Егер сіз қарыздарын тазалау үшін жедел несие керек болса, немесе Сіз өз бизнесін жақсарту үшін капитал несие қажет пе?
    Сіз қабылдамаған
    банктер мен басқа да қаржы агенттіктері?
    Сіз шоғырландыру несие немесе ипотека қажет пе?
    біз Сіздің барлық қаржылық мәселелері өткеннің ісі жасауға осындасыз ретінде көп емес іздеу. Біз жеке тұлғаларға жүзеге қаражат қарызға
    қаржылық көмек мұқтаж, бұл жаман несие немесе ақшаға мұқтаж бар
    , төлеуге шот 2% ставкасы бойынша бизнеске инвестициялауға. Менің ойымша, біз сенімді және бенефициар көмек көрсетуге және Сізге несие ұсынуға дайын болады деп Сізді хабардар осы орта пайдаланғыңыз келетін. Сондықтан электрондық пошта арқылы бүгін бізге хабарласыңыз:
    sharonbergers@gmail.com

Пікірлерге тыйым салынады.