«Қазақтелеком» Елбасыға компанияның инновациялық өнімдерін таныстырды

  • 09.12.2014
  • 341 рет оқылды
  • Пікір жоқ

«Қазақтелеком» АҚ ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа компанияның инновациялық өнімдерін таныстырды, деп хабарлады байланыс операторының қоғаммен байланыс қызметі.

«TechGarden фестивалінің аясында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа компанияның инновациялық өнімдерін, сондай-ақ жаңа өнімдерді жасап шығару кезіндегі жоғары технологиялық тәсілдерді таныстырды», — деп көрсетілген дүйсенбі таралған хабарда.

Атап өтілгендей, толық таныстырым барысында Қ. Есекеев компанияның инновациялық өнімдерінің концептілік байланысы мен ақпараттық-коммуникациялық операторының қызмет қолданушылармен өзара іс-қимылын көрсетті.

Атап айтқанда, клиенттерге арналған инновациялық дауыстық қызметтер таныстырылды – FMS (Fixed Mobile Solution) мобильді және фиксациялық байланыстың жуықтасу технологиясының базасындағы «Бірегей нөмір», «Виртуалды нөмір», «Сайттан қоңырау шалу» және SDP (Service Delivery Platform) инновациялық сервистік тұғырнамасының базасындағы «Виртуалды call center», соңғысы жаңа конвергентті мультимедиялық қызметтерді тез жасап шығару мен өрістету мүмкіндігін ұсынады.

Бұдан басқа, ҚР президентіне 100G арналарының базасындағы 4 Тбит/с дейінгі әлеуетті өткізу қабілеті бар жаңа жоғары өндірістік транзиттік желіні іске қосу жобасы таныстырылды.

Қ. Есекеевтің айтуынша, аталған желі Қазақстан аумағымен Еуропа-Қытай, Ресей-Орта Азия бағыттарына арналған жоғары жылдамдықты байланыс арналарының транзитін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қ. Есекеев «Қазақтелекомның» бизнестің келешекті секторларына арналған салалық шешімдеріне, компанияның ақпараттық-коммуникациялық интеграциясына, қызметтер конвергенциясына, жаңа бағыттардың дамуына, сондай-ақ дәстүрлі телебайланыс қызметтерінің сапасын арттыруға терең тоқтала отырып, инновацияның компания дамуының негізіне айналғанын атап өтті.

Компания жетекшісі сонымен қатар мемлекет басшысына қазақстандықтарға 120 Мб/с ғаламтор желісіне қосылудың рекордтық жылдамдықтарын қамтамасыз ететін жаңа тарифтік жоспарларды паш етті, ол компанияның 100 Мб/с күйіндегі технологиялық тосқауылдан өткендігі туралы айғақтайды.

«Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның көшбасшы байланыс операторы болып табылады. Компанияның негізгі акционерлері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры болып табылады — 52%, Bodam B.V. 17,2%, Deran Services Limited — 9,8%.

businessnews.kz

Алдыңғы «
Келесі »