Нидерландының Mexx корпорациясы банкротқа ұшырады

  • 08.12.2014
  • 363 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Амстердам соты киім-кешек және сән индустриясына қажет тауарлар дайындаумен айналысатын Mexx корпорациясының банкротқа ұшырағанын.

Сот шешімі Mexx корпорациясына қарайтын Mexx Holding Netherlands BV, Mexx Europe Holding BV және Mexx Europe Holding International BV компанияларына қатысты шыққан. Сонымен қатар сот Фриц Кемпсті компанияның кіріс жөніндегі администраторы етіп тағайындады. Ол алдағы уақытта компанияны қайта іске қосудың амалдарын қарастыруы тиіс.

Mexx корпорациясы әлемнің 50 елінде жұмыс істейді, Еуропада 315 дүкені бар. Корпорацияның бөлімшелерінде 1500 қызметкер еңбек етті, оның 500-і Нидерландының өзінде. Фриц Кемпстің айтуынша, соттың корпорация қызметкерлеріне қатысты қандай шешім шығаратыны әзірге белгісіз.

Мамандардың айтуынша, Mexx корпорациясының банкротқа ұшырау себебі экономикалық дағдарыстан кейін адамдар киім сатып алуға аз ақша жұмсай бастаған.

Businessnews.kz.

Алдыңғы «
Келесі »