ЕО UniCredit банктің «Газпром»-ға несие бергендігі жөніндегі ақпараттың анық-қанығын тексереді

  • 08.12.2014
  • 280 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Еуропалық Одақ «Газпром» мен UniCredit банктің арасында несиелік келісімшарттың жасалғандығы жөніндегі ақпараттың анық-қанығын тексеруде.

Жұма күні Ресейдің «Газпром» компаниясы бас штабы Миланда орналасқан UniCredit банкпен 390 млн еуроға тең несие мәмілесін жасағандығы туралы хабарлама таратқан болатын.

«Мен бұл ақпараттың қаншалықты рас екендігін арнайы қызмет органдарымен бірлесе отырып анықтаймын» деді ЕО-ның сыртқы мәселелер жөніндегі жоғарғы өкілінің баспасөз хатшысы Майи Косьянчич.

Оның айтуынша, егер мұндай несиелік келісімшарттың жасалғаны рас болса, онда ол ЕО-ның Ресейге салған санкцияларына қайшы келеді.

«ЕО-ның Украинаның шығысындағы ахуалға байланысты Ресейге салған санкцияларына ЕО-ға мүше елдердің барлығы жауапты» дейді ол.

Russia Consulting компаниясының өкілі Сергей Сумленыйдың сөзіне сенсек, ЕО-ның санкциялық тізімінде «Газпром» компаниясы емес, «Газпромбанк» тұр.

«Еуропалық заң тұрғысынан «Газпром» компаниясы кез келген келісімшарт жасауға құқылы» дейді Сергей Сумленый.

Алайда мамандардың айтуынша, «Газпром» компаниясы ЕО-ның санкциясына ұшырамағанымен, АҚШ санкция салған тізімнің ішінде бар. Сондықтан еуропалықтар АҚШ-тың ұстанымымен санасуға мәжбүр.

Businessnews.kz.

 

Алдыңғы «
Келесі »