Ақмола облысында ауылда өндірілетін өнім экспортқа шығарылуда

  • 08.12.2014
  • 392 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Ақмола облысында Петровка ауылындағы диірмен кешені өз өнімін экспортқа шығару үшін жетілдіруде, деп хабарлады аймақ әкімдігі.

«Сандықтау-Астық» диірмен кешенінің өнімі аудандағы ауыл шаруашылығын өңдейтін ірі кәсіпорын болып есептеледі.Оған Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей қызығушылық танытуда.

Айта кетерлігі, жобаның қуаттылығы тәулігіне 70 тоннаны құрайды, 50 тонна ұн шығарады. Мекеме заманауи қондырғымен жабдықталған, дайын өнімді сақтайтын қойма да бар. Кәсіпорын Астана мен Оңтүстік Қазақстан облысын ұнмен қамтамасыз етіп отыр. Бұл жерде ауылдың 30 тұрғыны еңбек етуде.

businessnews.kz

Алдыңғы «
Келесі »