Ақмола облысында жаңа зауыт салынып жатыр

  • 05.12.2014
  • 360 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Ақмола облысында 50 000 шаршы метр қуаттылығымен газобетонды қабырға блоктарын шығаратын зауыт салынуда. Бұл туралы туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұланды ауданында жүзеге асырылып жатқан жобаның жалпы құны 950 млн теңге. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин құрылыс басында болып, жағдаймен егжей-тегжейлі танысты. Бүгінде мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысанды 2015 жылдың сәуір айында іске қосу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Макинск қаласында жылдық қуатылығы 34 000 тонна болатын базальт негізінде жылуоқшаулағыш материал өндірісін ашу жоспарлануда. Жобаның құны 5 млрд 552 млн теңге. Қазіргі уақытта құрылыс жұмысы жүргізілуде, жаңа өндіріс орны итальяндық жабдықта өнім шығаратын болады. Отандық жылуоқшаулағыш материалдарды келесі жылдан бастап шығару жоспарлануда.

«Бизнесті дамыту – ұтымды экономиканың кепілі». Елбасы өзінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында елде шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше назар аударды. Оның қарқынды дамуынан қала тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқаты жақсарады. Біз отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетеміз, әлі де қолдау көрсететін боламыз, сіздердің өндірістеріңіз үлкен сұранысқа ие. Ең бастысы, шамамен 200-ге жуық тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтиды», – деді Сергей Кулагин. 

baq.kz

Алдыңғы «
Келесі »