Мәжіліс депутаттары франциялық депутаттармен кездесті

  • 05.12.2014
  • 245 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Франция Республикасы Сенаты депутаттарымен және осы елдің жергілікті атқарушы билік өкілдерімен кездесті деп хабарлайды Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі.

Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қабиболла Жақыпов Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық қарым-қатынасты алға тарта келіп, біздің еліміздің Францияның алдыңғы қатарлы индустриялық-инновациялық тәжірибесін пайдалана отырып, экономиалық ықпалдастықты нығайтуға деген қызығушылығының ерекше екенін атап өтті.
Кездесу барысында Мәжіліс Спикері француздық тарапқа Қазақстанның ДСҰ кіру мәселесіне қатысты келіссөздерде, сондай-ақ, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасына байланысты көрсеткен қолдаулар үшін алғысын жеткізді.
Қабиболла Жақыпов француздық делегация мүшелеріне Мәжілісте атқарылып жатқан жұмыстар жайлы да баяндап берді. Әсіресе, елдің инвестициялық тартымдылығын күшейту мен іскерлік климатын жақсартуға орай қабылданған заңнамалық құжаттарға назар аударды.
Өз кезегінде Франция Сенатының Қорғаныс күштері және қорғаныс мәселелері, халықаралық істер жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Ив Поццо ди Борго Қазақстанның қазіргі даму қарқынымен әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мүмкіндігінің зор екенін сеніммен айтты.
Жүздесу соңында Мәжіліс Төрағасы екі ел парламенттерінің арасындағы ықпалдастықты күшейту маңыздылығына көңіл бөліп, алдағы уақытта да қазақстандық депутаттардың бейінді комитеттер, ынтымақтастық жөніндегі топтар арқылы әріптестікті нығайтуға дайын екендіктерін жеткізді.
Француздық делегация мүшелерінің де Қазақстан мен Франция қарым-қатынасын күшейтуге ықыласы айрықша.  

baq.kz

Алдыңғы «
Келесі »