Франция ЭКСПО-2017 көрмесiн өткiзуге белсендi түрде қатыспақ

  • 05.12.2014
  • 213 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Франция ЭКСПО-2017 көрмесiн өткiзуге белсендi түрде қатысуға өз қызығушылықтарын бiлдiрдi. Бұл туралы бүгiн Ақордада Франция Президенті Франсуа Олландпен кездесуден кейін жасалған бiрлескен мәлiмде барысысында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады. 

«Франция тарапы ЭКСПО-2017 көрмесiн өткiзуге белсендi түрде қатысуға өз қызығушылығын бiлдiрдi», – дейдi Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы елiмiзде инфрақұрылымдық даму, индустриялық-инновациялық даму жоспарлары iске асырылып жатқанын тiлге тиек еттi.
«Бұл ынтымақтастықтың нақты бағыттарын бүгiн форум барысында талқылаймыз. Қазақстан бұл бағдарламаға қатысушыларға ерекше жеңiлдiктердi жасап отыр», – дейді Елбасы.
Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА 

baq.kz

Алдыңғы «
Келесі »