Total компаниясы Ирактың Күрдістан жерінен жаңа газ кен орнын ашты

  • 02.12.2014
  • 345 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Францияның Total компаниясы Ирактың Күрдістан жерінен жаңа газ кен орнын ашқанын мәлімдеді.

Газ көзі Күрдістанның Эрбиль қаласынан 60 шақырым жердегі Jisik-1 объектісінен табылған.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, кен орнынан күніне 3-4 млн текшеметр көгілдір отын өндіруге болады.

Jisik-1 объектісі Харир кен орнындағы кешенге қарайды. Кен орнының 35 пайызы Total компаниясына тиесілі болса, 45 пайызы Американың Marathon Oil компаниясының еншісінде.

Businessnews.kz.

Алдыңғы «
Келесі »