408 отбасы қолжетімді баспанаға ие болды

  • 29.11.2014
  • 379 рет оқылды
  • Пікір жоқ

«Бәйтерек» Ұлттық холдингінің ипотекалық компаниясы Алматыда 9 қабатты 2 үйдің кілттерін иелеріне табыстады.

Жаңа пәтерлер кейін сатып алу құқығымен 15 жылға жалға беріліп отыр.

Жуырда ғана Елбасының Жолдауында айтылғандай, қолжетімді баспанаға отандастарымыздың арасынан ең алғаш болып көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар және жетім балалар ие болды. Жаңа үй кілттерін қала әкімі Ахметжан Есімов және Парламент депутаттарымен бірге Елбасы Жолдауын еңбек ұжымдарына түсіндіру мақсатында Алматыға арнайы келген Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев табыстады.

Салтанатты шарадан кейін «Алматы-телеком» ұжымы алдында сөз сөйлеген министр: «Осы жылдың ақпан айында Елбасының шешімімен Ұлттық қордан 3 триллион теңге бөлу туралы шешімі, отандық экономиканы дағдарыстан құтқарудың алғашқы қадамы болған еді», деп атап көрсетті.

«Ал 2015-2017 жылдар аралығында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатты іске асыру мақсатында жыл сайын 3 миллиард теңгенің бөлінуі, екінші қадам болады», деді. Сондай-ақ осы Жолдаудағы қолжетімді баспананың жүзеге асуына 2020 жылға дейін 250 миллиард теңгеге 1,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынатынын ескертті.

Ерболат Досаев, ҚР ұлттық экономика министрі:
– Жұмыс істейтін отбасылар үшін 50 шаршы метрге дейінгі 2 бөлмелі пәтерді жалдау айына 56 мың теңгегеден аспайды. Оны сатып алу құқығы 5 жылдан кейін жүзеге асырылады. Бірақ жалдау үшін төлеп келген ай сайынғы қаржы сатып алу құнының есебіне кіреді. Менің пікірімше, бір отбасыда 2 адам жұмыс істесе, 56 мың теңгені баспанаға жұмсау ұтымды.

Businessnews.kz.

Алдыңғы «
Келесі »