Желтоқсанда 5 бірдей жаңа мәдени нысан ашылады – ОҚО

  • 28.11.2014
  • 504 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Оңтүстік өңірде желтоқсан айында 5 бірдей жаңа мәдени нысан ашылады.

Бұл жөнінде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекова БАҚ өкілдерімен өткен басқосуда мәлімдеді.

Басқарма басшысы Күлия Смайылханқызының айтуына қарағанда,  желтоқсан айында «Түркістан» сарайы, облыстық қазақ драма театры, тарихи-өлкетану мұражайы, әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы және көркемсурет галереясының қосымша ғимараты ашылып, пайдалануға беріледі.

Естеріңізде болса, осыдан 9 ай уақыт бұрын облыстық өзбек драма театры ұжымы жаңа нысан қажеттігін айтқан. Әртістердің айтуынша, 2011 жылы қолданысқа берілген ғимарат мүлдем талапқа сай келмейді. Реквизит сақтайтын, гардероб бөлмелері жоғын қоспағанда сахна биіктігін тағы да 7 метрге көтеру қажет. Тіпті нысан ашылғанда жасақталған техниканың да тозығы жеткен. Айтылған сыннан басқарма басшысы қорытынды шығарыпты.

«Қазір толыққанды жұмыс жасауға өзбек театрының мүмкіндіктері бар, қосымша ғимарат жөнінде құжаттамалары дайын, біз ұсынысты келесі жылғы бюджетке беріп отырмыз», –  дейді басқарма басшысы Күлия Айдарбекова.

Бұдан бөлек биыл 4 ауылдық мәдениет үйі пайдалануға беріліпті. Басқарма басшысының сөзіне сенсек, мәдениет саласы кітаппен де толықты. 152 мың кітап жергілікті кітапханаларға жеткізілген. Бұл үшін қазынадан 24 млн. теңге қаржы қаралған еді.

ҚазАқпарат

Алдыңғы «
Келесі »