Sony корпорациясы енді ФИФА-ға демеушілік жасамайды

  • 27.11.2014
  • 343 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Жапонияның электроникалық өнімдер құрастырумен айналысатын Sony корпорациясы Халықаралық футбол федерациясымен (ФИФА) арада жасалған келісімшартты ұзартпайтын болды. Ал келісімшарт мерзімі осы жылы аяқталады.

Sony корпорациясы ресми түрде ФИФА-ның алты серіктесінің біреуі болып табылады. Қараша айының басында федерациямен серіктес тағы бір компания Emirates Airline ФИФА-мен арадағы келісімшартты тоқтатынын мәлімдеген еді.

Мамандардың айтуынша, Sony корпорациясы мұндай шешімді футболдан чемпионат өткізетін елді таңдау барысында ФИФА-ның орын алған дау-дамайға байланысты қабылдаған көрінеді.

Алайда ФИФА-ның этика жөніндегі комитеті Ресей мен Катардың 2018 және 2022 жылдары әлем чемпионатын өткізу мәртебесін қаншылықты әділ жеңіп алғанын тексергенімен, комитет комиссия қорытындысынан заңға қайшы ештеңе таппаған еді.

 Businessnews.kz.

Алдыңғы «
Келесі »