Қазақстан Ресейге электр энергиясын жеткізуді тоқтатты

  • 27.11.2014
  • 268 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстан рубльдің құнсыздануына байланысты Ресейге электр энергиясын жеткізуді тоқтата тұрады деп мәлімдеді «Самұрық–Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев.

«Біз 24-қарашадан бастап рубльдің девальвациялануына байланысты Ресейге электр энергиясын тасымалдауды тоқтаттық. Өйткені бұндай жағдай біздің станцияларымыз үшін тиімсіз. Дегенмен, бұл нарықты жоғалтуымыз – уақытша құбылыс» деді А.Сатқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген баспасөз мәслихатында.

А.Сатқалиевтің айтуынша, өткен жылы Ресеймен екі арадағы келісімшарт ішкі нарықтағы бағадан жоғары бағада жасалған екен. Бірақ биыл баға саясатына қатысты екі тараптың көзқарасы екі түрлі болып отырған көрінеді.

«Біріншіден, Ресей экономикасы біздің көмірді аса жоғары бағада сатып алуға дайын емес. Оның үстінен Ресейде біздің көмірді алмастыра алатын отын көздері бар. Мұны да қаперге алуымыз керек… Екіншіден, рубль құнсызданып отыр. Ал біздің келісімшарттар рубльмен бекітіледі» дейді ол.

Businessnews.kz

Алдыңғы «
Келесі »