Ғылым саласындағы 2014 жылғы атаулы сыйлықтар тағайындалды

  • 26.11.2014
  • 400 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстанда ғылым саласындағы 2014 жылғы атаулы сыйлықтар тағайындалды. Бұл туралы ҚР үкіметінің қаулысы мен ҚР білім және ғылым министрлігінің бұйрығы министрлік сайтында жарияланды.

Ведомство сайтында жарияланған құжатта айтылғандай, «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы №473 бұйрығына сәйкес ғылым саласындағы 2014 жылғы атаулы сыйлықтар:

1. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлық: «Қ.И. Сәтпаев атындағы геология ғылымдары институтының» 75 жылдығына орайластырылған Институт ғалымдарының Қазақстанның жер қойнауын зерттеудегі үлесі мен жетістіктері» тақырыбына арналған ғылыми жұмыстардың циклы үшін АҚ «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» ЖШС Қ.И. Сәтпаев атындағы геология ғылымдары институтының келесі қызметкерлері құрамындағы авторлар ұжымына:

1. Ғаппар Қасенұлы Ерғалиевқа;

2. Сұлтан Мажитұлы Оздоевқа;

3. Элеонора Жүсіпқызы Сейітмұратоваға.

2. Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық «Ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік» жұмысы үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің авторлар тобына:

1. Дихан Қамзабекұлына;

2. Бауыржан Жұмаханұлы Омаровқа;

3. Жарылқасынұлы Шәріпке.

Педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуi мен жұмысы үшiн

Ы. Алтынсарин атындағы сыйлық «Шет ел тілі мұғалімдерінің басқа тілдік кәсіби құзыретін қалыптастыру» тақырыбындағы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ағылшын тілі және лингводидактика кафедрасының доценті

1. Үміт Ибжанқызы Көпжасароваға.

4. Түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлық «Мұстафа» (кітап) жұмысы үшін Түркі академиясының президенті

1. Дархан Қуандықұлы Қыдырәліге.

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас

ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы сыйлық «Марганец және темір марганецті кенін кешенді және тұрақты марганец ферроқоспалардың үлгісін алу арқылы тиімді өңдеу әдістерін әзірлеу» жұмысы үшін Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты зертханасының меңгерушісі

1. Әлібек Сайлаубайұлы Байсановқа;

6. гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы сыйлық «Санжар Асфендияров: өмірі мен қызметі (1889-1938 жж.)» жұмысы үшін Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері

1. Алмас Әбдіғаниұлы Жүнісбаевқа берілді.

businessnews.kz

Алдыңғы «
Келесі »