Ресейде Apple өнімдері қымбаттады

  • 26.11.2014
  • 259 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Apple компаниясы Ресей нарығындағы өз өнімдерінің бағасын ресми түрде қымбаттатты. Баға өсімі соңғы шыққан iPhone мен iPad планшеттерінде қатты байқалып отыр.

Жады 16 Гб болатын iPhone 6 смартфондары бірден 8 мың рубльге қымбаттап, бағасы 39 990 рубльге бір-ақ жетті. Ал, 64 ГБ болатындары 10 мың рубльге қымбаттап, нарықтағы құны 46 990 рубльге шығып отыр. 128 Гб – 11 мың рубльге қымбаттаған, қазір ол дүкендерде 52 990 рубль тұрады.

Сондай-ақ, iPad пайдаланушыларын да осындай баға өсімі күтіп тұр. "Интерфакс" хабарлағандай, Ресей нарығындағы планшеттердің 10 пайызы осы Apple компаниясының өнімдері екен.

baq.kz

Алдыңғы «
Келесі »