«Болашақ жастары» қызылордалық студенттермен кездесті

  • 25.11.2014
  • 379 рет оқылды
  • Пікір жоқ

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Қызылорда әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ «Болашақ» университетінде кездесу өткізді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мастеков сөз алып, ақпараттық-насихаттық топ құрамымен таныстыра келе, Жолдаудың ерекшеліктері мен мақсаттары жайлы тарата әңгімеледі. 

Ақпараттық топ құрамындағы «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мақсұт Баекеев  Елбасы Жолдауындағы әр бағытқа жеке-жеке тоқталып өтті. Ақпараттық-насихаттық топ Қызылордадағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында кездесулерін жалғастыратын болады.

ҚазАқпарат

Алдыңғы «
Келесі »