«Газпром»-ның табысы 13 есе азайды

  • 19.11.2014
  • 387 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Соңғы 9 айда «Газпром» компаниясының таза пайдасы 13 есе азайып, 35,7 млрд рубльді құрады

Былтыр осы уақытта «Газпром»-ның табысы 466,6 млрд рубльге тең еді. Компания табысының мұншалықты құлдырау себебі 256 млрд 887 млн 864 мың рубльге тең күмәнді қарыздардың болуынан деп түсіндіреді.

Көгілдір отынның бағасының қымбаттауына қарамастан, газ сатудан түсетін түсім қаңтар мен қыркүйек аралығында 31,2 млрд рубльге кеміген. Мамандар мұны көгілдір отынға деген ішкі және ТМД аумағындағы елдердің сұранасының күрт төмендеуінен көріп отыр.

Нәтижесінде «Газпром»-ның рентабельділігі де азайған. 2014 жылдың алғашқы 9 айының көрсеткіші бойынша компанияның «Актив рентабельділігі» 4,41 пайыздан 0,33 пайызға, ал «Жеке капиталдың рентабельділігі» 5,69 пайыздан 0,43 пайызға дейін төмен түсті.

Businessnews.kz

Алдыңғы «
Келесі »