Jeep компаниясы Қазақстандағы көліктерін кері қайтарып жатыр

  • 17.11.2014
  • 265 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Jeep автокомпаниясы Қазақстандағы көліктерін ақауға байланысты кері қайтарып алып жатыр.

Енді шетелдік компания Қазақстанда сатылып кеткен 164 Liberty автокөлігі мен 84 Grand Cherokee жол талғамайтын көлігін кейін қайтарып алмақ. Шығарушы компания өкілдерінің айтуынша, көліктердің жанармай багында кінәрат бар. Апат бола қалған жағдайда, олар тез жанып кетуі мүмкін. Әлемнің әр түпкірінде дәл осы жағдай адам өліміне әкеп соққан кездер көп болған. Сол себепті мамандар оны ақау деп танып, кемшілікті жоймақ.

Businessnews.kz.

Алдыңғы «
Келесі »