Ұлттық қордан шағын және орта бизнесті дамытуға қосымша 100 млрд теңге бөлінді

  • 17.11.2014
  • 312 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Алматылық кәсіпкерлер индустриалдық аймақтардағы бизнесті ұйымдастыруға септігін тигізбекші. Мұнда шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаражаттан үлесін алғандар үшін өндіріс орындарын орналастыруға мүмкіндік бар.

Ал кәсіпкерлікті дамытуға Ұлттық қордан тағы 100 млрд теңге бөлінді. Айта кетсек, қазір «Алатау» арнайы экономикалық аймағында 158 компания жұмыс істейді. Екінші кезең жүзеге асырылған уақытта, олардың қатары 2 есеге арта түспек. Ал Индустриалдық аймақтан құны 65,5 млрд теңге болатын 16 жобаға орын беріледі. Ол 4 мың жұмыс орнын ашуға жол ашады.

«Алматы — индустриялды аймақтарды дамытуға қолайлы қала. Алатау ауданындағы индустриялды аймақ пен Алатау арнайы экономикалық аймағын соны жобалармен толықтыру үшін әкімшілікпен бірлесіп, бизнес қауымдастығымен жұмысты кеңейттік», – деді Алматы қалалық Кәсіпкерлер Палатасының директоры Артур КОТЕНЕВ.

Көлік инфрақұрылымын дамыту да жалғасын табады. Қазір Алматыда 600 автобуспен жабдықталған 2 муниципалдық парк бар. Троллейбус пен трамвай парктері де жаңартылып, метрополитен жолдары да кеңейтілуде.

Businessnews.kz.

Алдыңғы «
Келесі »