Қазақстан Президенті И.Ильинді тамаша жеңісімен құттықтады

  • 16.11.2014
  • 352 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауыр алтетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильинді телефон арқылы Алматыдағы әлем біріншілігіндегі тамаша жеңісімен құттықтады.

«Президент  мені телефон арқылы құттықтады, ол өте қуанышта болды. Менің жеткен рекордымды сұрады. Шын жүрегімен құттықтады. Президент сондай-ақ біз әлі көрісеміз, сонда сөйлесерміз, деп қосты. Мен оны жақын адамым деп санаймын. Оның арқасында жоғары нәтижелерге жетіп келемін. Мен оған қолдауы үшін алғыс айтам», – деп мәлімдеді И.Ильин сенбі күні баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол қол жеткенмен тоқталып қалмайтынын айтты – 242 келі шек емес, бұған дейін уәде еткендей осы салмақты да бағындырды. «Бүгін мені құттықтауға достарым, таныстарым, сондай-ақ отбасым келді. Мен бүгін жеңісімді атап өтемін, мен өзім ән салғанды жақсы көремін», – деп қуанышымен бөлісті даңқты чемпион.

Еске сала кетейік, қоссайыс жиынтығында И.Ильин 432 келі (190+242) көтерді. Екінші орынға өзбекстандық Р.Нурудинов ие болды – 432 келі (193+239), үшінші орында – ресейлік Давид Беджанян – 427 келі (187+240).

ҚазАқпарат

 

Алдыңғы «
Келесі »