• «Ақиқат» журналы
  • >
  • Ақпарат
  • >
  • И. Ильин: Жеңісімді Қазақстан Президентіне арнаймын. Президент бағдарламасы – жеңістер бағдарламасы

И. Ильин: Жеңісімді Қазақстан Президентіне арнаймын. Президент бағдарламасы – жеңістер бағдарламасы

  • 16.11.2014
  • 719 рет оқылды
  • 1

Әлем чемпионатындағы тарихи жеңісінен кейін, енді әлемнің төрт дүркін чемпионы  Илья 

Ильин өз жеңісін алдымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан халқына арнайтынын мәлімдеді.

«Мен ең алдымен, әрине,  біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлына алғыс айтамын, өйткені  оның маған көрсеткен қолдауын, маған деген сенімін ешуақытта ұмытпаймын.  Ол: «бұл жігіт жеңіп шығады!», – деді. Сондықтан да мен өз жеңісімді Қазақстан Президентіне және халқыма арнаймын. Президенттің «Нұрлы жол» бағдарламасы – жеңістер бағдарламасы!». Мен 242 келілік штангаға келіп, залдағы адамдарға қарадым және солар үшін, Қазақстан үшін жеңіске жетуім керек деп ойладым. Сөйтіп, жеңіске жеттім!», – деді Илья Илин өзінің «KAZsport» телеарнасына берген алғашқы сұхбатында. 

"Басқа салмаққа көшу оңай болмады. Қорқыныш болды. Ең алғаш шаршы топқа шыққан кезімнен де қиын болды (Катар, Доха). Жігіттер өте мықты болды. Бірақ, мен қайда бара жатқанымды білдім. Осылай етуге тура келді, өйткені, 94 келі салмақ мені қысып келеді.

"Президент мырза, Сіздің тапсырмаңызды орындадым!, – деп бастады И.Ильин Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен телефон арқылы әңгімесінде тікелей эфирде. 

«Бұрын мен 239 келіні серпе көтеріп жүретінмін. Одан жоғары салмақты Риода өтетін Олимпиада қалдырдым. Бүгін 242 келіні көтеруге тура келді. Өйткені, шешуші сөз менде болды. Давид Бенджанян үшінші орынды иеленді. Ол 240 келіні көтерген соң маған одан озу керек болды. Мен 242 келіге бардым. Өйткені, өзбекстандық Русланды артта қалдыру керек болды. Мен одан жұлқа көтеруде 3 келі артта едім (190+242) осындай қадамға бару керек болды. Қысқасы, осылай болды…», – деді чемпион Елбасымен әңгімесінде. 

«Сізге көп рахмет. Мен енді дайындалатын боламын.Көп рахмет, Сізге», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, қоссайыста қазақстандық атлет Ильин 432 ұпай жинап (190+242) алтын медальді былтырғы әлем чемпионы – өзбекстандық фаворит Руслан Нуриддиновтан (193+239) жұлып алып кетті десек артық болмас. Ильяның салмағы Нуриддиновтан аз болып шықты.

Үшінші орынды ресейлік спортшы Давид Бенджанян 427 ұпаймен (187+240)  иеленді. Айта кету керек, бүгін 105 келі санатында ерлер арасындағы додада 4 рет әлем рекорды жаңарды.

Серпе көтеруде Нуриддинов Бенджанянның орнатқан рекордын 239 жаңартса, іле шала Бенджанян 240 келіні еңсеріп, ол рекордты қайта бұзды.

Әлем чемпиондарының қойған рекордын алаңға келесі шыққан Илья Ильин тас-талқан етіп, серпе көтеруде 242 келіні аспанға атты.

Сондай-ақ, Арменияның атынан шығып жатқан 17 жасар спортшы Симон Мартиросян болса жұлқа көтеруден 183 келіні көтеріп, жастар арасындағы әлем рекордын жаңартты.

ҚазАқпарат

 

Алдыңғы «
Келесі »

1 Пікір бар

  1. Еліңе деген үлкен жеңісің құтты болсын. Жарайсың Илья.

Пікірлерге тыйым салынады.