Оралда соңғы екі жылда 117 бизнес жобаны жүзеге асыруға 17,7 млрд. теңге бөлінді

  • 16.11.2014
  • 321 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Орал қаласында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына сәйкес соңғы екі жылда 117 бизнес жобаны жүзеге асыруға 17,7 млрд. теңге бөлінді.

Қала әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, осы кезеңде 529 жаңа жұмыс орны ашылды. 2013-2014 жылдары қалада 4,8 мың адам жұмысқа орналастырылса, соның 2,4 мыңы немесе 50 пайызы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы өз орнын тапты. Сондай-ақ 42 адам шағын несиеге қол жеткізді. Жұмыссыздық деңгейі қалада 0,7 пайызға дейін төмендеді.

ҚазАқпарат

Алдыңғы «
Келесі »