«Құдай патшалығы» үйінде немессе «Иегова куәгерлерінің» уағызы мен ғибадаты жайында

  • 19.04.2012
  • 1147 рет оқылды
  • 2

Ораз Қауғабай,
«Ақиқат» журналының бөлім редакторы

Тәуелсіздіктен кейін Дін қайта оралып, діндарлар намаз оқып, құдайға құлшылық пен мінажат салттары басталған тоқсаныншы жылдардың басында Алматыда кришнайттардың тобы пайда болды. Яғни, діни секторлар мен бірлестіктер және қауымдастықтар төбе көрсете бастады. Осыған байланысты бірде мен белгілі дін ғұламасы, “Құран-Кәрімді” аударған Халифа Алтай қариямен сұхбаттасқаным бар. “Бұл өте қауіпті оның жолын кесу керек” деді молдекең. Жат уағыз уы түбінде жақсылыққа апармайтынын сездім. Қазақстанға жолын тауып кірген кришнайттер уағыздары мен діни салттарын насихаттай бастады. Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстанға жақын бір ауданында осы дін абыздарының дұға-сарыны мұндағы ата діннен бейхабар біраз адамның басын айналдырады. Кришнайттардың Қаскелең ауданындағы құлшылық орны соңында дабыл қақтырып, екі жақ арасында жанжал мен дауға әкелді. Жергілікті жердегі билік пен заң орындарының бұған күші жетпеді. Мұсылмандылыққа мүлде қарсы, жан-жануар, тау-тасқа табынатын дін өкілдері өздерінің адам құқы еркіндігін пайдаланып, өз дегендерін жасап жатты. Діни уағызға тұрмыс жағдайы мен діни сауаты жоқ жандар алданып, олар ислам діннен жеріп, жат дінді қабылдады. Өйткені олардың уағызы мен сиқыры өте күшті еді. Бір кәріс қызы көшеде маған кездейсоқ кездесіп “Аға, біздің құлшылық ордамызға келіңіз. Бізде адамдар бір-бірін шексіз жақсы көріп, жаратқан иеге ғибадат етеді” деп адресі мен телефонын берді. Мен өзімнің дінім ежелден ислам екенін айтып, теріс бұрылып кеттім. Тілі өте майда, ізетті секта өкілі ішімдегіні біліп, ойымды оқып тұрғанына қайран қалдым. Арбаушылар адамдар арасында Құдайға деген сүйіспеншілік пен Құдай Тағаланың пендесіне деген мейір-шапағатын көп айтады. Сондықтан қалай сиқырланып қалғаныңды білмейсің. Секталар ә дегеннен сенгіштерді арбайды.
Бірде Гагарин даңғылы мен Жамбыл көшесінің қиылысында әңгімелесіп отырған екі келіншекке көзім түсті. Таңертеңгілік уақыт еді. Күбірлесіп отырған олар “Аға, сізден бір нәрсе сұрауға бола ма?” деп сөзге тартты. Содан соң “құдайға сенесіз бе?” деп сұрады. Иә, сенемін. “Құдайға ислам діні ұстанымдары арқылы құлшылық етемін” деп “Фатиха” сүресінің қазақшасын айттым. Олар “Аға, құдайдың ұлы Иса Мәсіх арқылы ғибадат етіп, құлшылық еткен дұрыс” деп Ислам дінін жақтырмады. “Мысалы, мешітке барсаң – ондағы молдалар, алдымен “садақа беріндер” деп ақша сұрайды. Ал, біздің ғибадат орнымыз “құдай-патшалығында” ондай салт жоқ. Иегова куәгерлерінің ордасына келсеңіз – “Құдай рухы жайында терең білесіз” деді. Құдай ортақ дейді ғой. Құдай үйіне келіп, осы діни ағымның уағыздары мен құлшылықтарына куә болдым. Таусамалы кентіндегі Әуезов көшесінің бойында керемет бір мекен-жай салынған екен. Мұндағы тазалық пен тәртіпті тілмен айтып жеткізе алмайсыз. Танысада, танымасада бір-біріне туыс-жақындай, бір туған адамдай сәлемдеседі. Мені қаумалап “қонақ келді” деп ерекше ілтипат көрсетіп, өздерінің аты-жөндерін толық айтып таныстырып жатыр. Жылы сәлем мен ізгі қарым-қатынас тәнті етеді. Қазақша уағыз тыңдайтын топтың ішінде отырып, Иса Мәсіхтың өнегесі мен өмірі жайында және Құдай мен арадағы қарым-қатынасы жөнінде көп мағлұмат алдым. Уағыз басталарда әсерлі діни ән айтып, мінажаттарын жалғастырады екен. Иса Мәсіхтың кемеңгерлігі мен данышпандығын, мейірімділігі мен шапағатын бүгінгі күнмен шебер байланыстырып, жақсы тұрмыс құрып өмір сүрудің жолын Құдай рухы арқылы түсіндіреді. Отбасы мен бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Қатыгездік пен соғысты, атыс-шабысты айыптайды. Уағыз – оны тыңдаушылар мен сұхбат-әңгімелер арқылы жалғасады. Сұрақтар қойылып, жауаптар беріледі. Иегова куәгерлері шіркеуге бармайды. Діни орданың кіре берісінде Қазақстан Республикасының Діни бірлестіктер жөніндегі заңы мен жарғылары жазылған. Яғни, бәрі заң аясында. Сондықтан ешкім келіп, тексеріп, ішкі істеріне араласпайды. Алматыдағы “Иегова куәгерлері” үйі бұрын Есік қаласында болған екен. Кейін осы жерде жарқыраған “Құдай патшалығы” үйі салынып, осында көшіп келген. Алатау баурайындағы жазық жерде, табиғаты таңғажайып өңірдегі ғибадат-ғимарат орда адамды алыстан өзіне баурайды.
Осы Діни ағымының уағызына келетін, қазақшаға судай орыс жігітімен жолығып не үшін мұнда келгенін сұрадым. Ол заң саласында істеген екен. Адамдарға жасалатын қиямет пен қорлықты көріп, бұған шыдай алмай, осы дін жолын қалап, құдайға Иса Мәсіх ұстанымы бойынша ғибадат етуді жөн көреді. Иса пайғамбар және оның шешесі Мария Құранда аттары аталды ғой. Жалпы Иса пайғамбарға Құдай-Тағала дарытқан керемет пен мұғжиза Ислам әлеміне белгілі. Иса пайғамбар өнегесі мен өмірі жөніндегі насихатта тек имандылық пен ізгілік айтылады. Уағызда бауырластық деген сөз жиі қайталанады. Сондықтан Діни ағымдағы бір-бірін сыйлау мен құрметтеу – шыны керек тәнті етеді. Алғаш келген маған жасы кішілер өздері келіп, әңгімелесіп, ескі таныстарша жатсынбай жөн сұрасты. Мен өзімді “дінтанушымын” деп таныстырдым. Сөйтіп, “Құдай патшалығы” үйінде аталған ағымның тарихы мен тұлғалары жөнінде білдім. Арнайы кітапханасы бар екен. Қазақ тіліндегі діни әдебиеттер мен газет-журналдар, бейнетаспалар және қазақ тарихына қатысты дерек көздері бар. Белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің баласы осы діни ағымның мүшесі деп естуші едім. Діни қызметкерлер мұны растады. Бірақ, өзімен кездескен жоқпын.
“Құдай патшалығы” үйінде Құдай жолында қызмет етіп жүрген “қара көздердің” көбі өмірде жолдары болмай, тұрмыс тауқыметін көріп, тағдырлары тәлкекке түскен жастар. Бір қызығы мұндағы ізгі тәрбие мен тазалықтың әсерінен болар құлшылық пен ғибадат рәсіміне мектептердегі мұғалімдер де келеді екен.
Жалпы, жер бетіндегі барлық Дін құдайды мойын­дайды, Жаратқан Иені дәріптеп, уағыздайды. Өз салт-дәстүрлері мен парыз-міндеттері бойынша мінәжат етеді.
“Құдай патшалығы” мен мешіттегі Құдайға құл­шылық, мінәжат бір-біріне ұқсамайды. Мешітте Намаз оқылады, жеке адамдар кез келген уақытта Жаратқанға жалбарынады, дұға оқып, тілек тілейді. Ал мұнда қауым мүшелері жексенбі күндері белгіленген уақытта келіп, өзара әңгіме-сұхбат құрады. Діни қызметкерлер микрофон ұстап қауымдастық мүшелерінің ойлары мен ғибадат сөздерін тыңдайды. Басынан соңына дейін “Киелі кітаптағы” парыздар мен қағидалар және “Күзет мұнарасы” журналындағы Құдайдың шапағаты пен мейірімі, пендесіне деген сүйіспеншілігі уағыздалады. Құдай туралы жалпы түсінік Діни ағымның басты мақсаты.
Мен діни қызметкердің біріне Құдай-Тағала, яғни Алла-Тағаланы шынайы танытатын Құран Кәрім жайында айтып, Тәңірді көзбен көрсетіп, қолға ұстатып тұрған “Фатиха” сүресінің әр аятын талдап түсіндірдім. Діни қызметкер Құранды жоққа шығарған жоқ. Бірақ “Киелі кітап” жағына көбірек ауысып, Иса Мәсіхтың іліміне табынды. Құдайтану жөнінде діни қызметкер мен екеуміздің пікір алысу сұхбат ойларымыз қайшылықты жалғасты. Ислам соңғы дін – бір Аллаға (Құдайға) табынады. Құдай ұлы деп Исаға (Әруаққа) табынып, медет сұраудың дұрыс еместігін қауымдастық ұстазына түсіндірдім. Дін туралы өз түсінік ойымызды айтуға құқыңыз бар деп менің айтқанымды жоққа шығармады. Қайта сіз бен жиі әңгімелесіп, сұхбаттасу керек екен деп риза болды.
“Иегова куәгерлерінің” діндарлар тұратын жатақханасы бар. Онда да тәртіп пен тазалық көзге ұрады. Жатақханада таңғы ас Жаратқан иеге дұға оқумен басталады. “Мұнда арақ ішіле ме?” деп сұрадым. Мейрамдарда шарап ішілетін сыңайлы. Бірақ ешкім ішімдікті мөлшерден артық ішпейтінін Діни қызметкер реті келген тұста түсіндірді.
Әлемге әйгілі, әлемнің көптеген елдерінде ғибадат орындары мен орталықтары бар “Иегова куәгерлерінің” ұстанған діни салттарында, діни қағидаларында медицинадағы қан құю дәрігерлік амалы Құдай жолына қайшы деп түсіндіріледі. Яғни, діни ағым мүшелері донор болмайды және өздеріне қан құйдыруды адамға жат нәрсе деп ұғады. Өйткені қан шығару – бұл харамға саналады. Ағымдағы қатып қалған діни “догма” осы. Осы діни ұстанымға қарсы жанжал мен дау және соттасу сияқты фактілер ақпарат құралдарында жарияланды. Қан керек болғанда қан құйылмай өліп кеткен бір қыздың әке-шешесі былтыр Алматыда дау шығарып, ақпарат құралдарын шулатқаны бар. Ал, Ислам дінінде және шіркеулерде “қан құюға” қарсылық жоқ. Айтпақшы, Иегова куәгерлері шіркеуге бармайды. Ондағы құлшылық, ғибадаттарды мойындамайды. Мөлшерімен ішімдік ішу – діни ағымда “харамға” жатпайды. Құдайға құлшылық ету тек киелі кітаптағы қағида – ұстанымдар мен парыз, міндеттер арқылы жүзеге асады.

Алдыңғы «
Келесі »

2 Пікір бар

  1. Иегова куәгерлерін жай ғана ату керек!

  2. “Ақиқаттың” осыдан екі жыл бұрынғы санында шыққан мына мақала актуальдылығын әлі жоғалтқан жоқ. Иегова куәгерлері бүгінде де Алматының көшелерінда толып жүр, биязы үнмен сөзге тартып, кітапшаларын ұсынады.Жалпы дін атаулы бір Құдайды мойындайды, сол себепті бұлардың да сеніміне түсіністікпен қарауға тырысамын. Алайда, қазақ баласына жат дін, жат дүние!

Пікірлерге тыйым салынады.