Сарапшылар жаңа экономикалық саясаттан жоғары нәтиже күтеді

  • 13.11.2014
  • 339 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» Жолдауы бойынша сарапшылар арасында жедел сауалнама жүргізілді. Оған Астана, Алматы мен еліміздің 14 облысынан барлығы 68 сарапшы қатысты. Сарапшылар Инфрақұрлымдық даму жоспарындағы Президенттің 7 бастамасынан әртүрлі нәтиже күтеді

Сұралғандардың 95,6% көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту экономикалық әлеуетті арттырады деп есептесе, 98,5% әлеуметтік әсер күтеді. Индустриялық инфрақұрылымды дамыту экономкалық тұрғыдан тиімді. Ал әлеуметтік жағымды әсер болжағандар бұдан 1,5 пайызға аз. Энергетикалық инфрақұрылымды дамытудан керісінше әлеуметтік әсер күтетіндер басым болды. Сарапшылар Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту экономикалық та, әлеуметтік тұрғыдан да тиімді боларына сенімді. Ал тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту әлбетте әлеуметтік жағдайды жақсартады. Сауалнамаға қатысқан сарапшылар да осындай пікірде. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға қосымша қаражат бөлгеннен әлеуметтік әсер болатынына сұралғандардың 100 пайызы сенімді. Және соңғы жетінші бастама бұл — шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру экономикалық тұрғыдан тиімді және әлеуметтік әсері де аз болмайды деп есептейді сарапшылар.

«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатынан болар нәтижеге де сарапшылардың өз пайымы бар.

Респонденттердің 97,1% жаңа экономикалық саясат сыртқы жаһандық экономикалық қауіп-қатерлерге дер кезінде қабылданған жауап деп есептейді. «Нұрлы жол» экономикалық дамудың жаңа нүктелерін табуға түрткі деген пікірде. Сарапшылардың 95,6% Жолдауда айтылған шаралар қазақстандықтардың үмітіне сәйкес, ал 94,1% Қазақстан экономикасын нығайту үшін Ұлттық қор резервтерін пайдалану тиімді деп санайды.

Экономикалық өсім және жұмыспен қамтуды қолдау шараларын мақұлдау деңгейіне келер болсақ, сарапшылардың 95,6% шағын және орта бизнес пен ірі кәсіпкерлікті жеңілдетілген несиелендіруге қосымша 100 млрд теңге бөлуді қолдады. 92,6% 2015 жылы проблемалық несиелер қорын қосымша 250 млрд. теңге көлемінде капиталдандыруды қуаттайды. Сарапшылардың 94,1% 2015 жылы бірінші «құрғақ порт» кешені құрылысы, «Қорғас-Шығыс қақпасы» мен Атырау мен Тараздағы «Ұлттық индустриялық мұнайхимия технопаркі» арнайы экономикалық аймақтарының инфрақұрылымына 81 млрд теңге бағыттауды қолдап отыр. 89,7% 2015 жылы EXPO–2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелендіруге 40 млрд теңге бөлуді, 92,6% 2015 жылы Астанада жаңа терминал салу мен ұшып-қону жолағын реконструкциялауға 29 млрд теңге бөлуді қолдайды.

 Businessnews.kz.

Алдыңғы «
Келесі »