Болашақ акционерлерге кеңес беретін компания астанадан өз өкілдігін ашты

  • 12.11.2014
  • 355 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Халықтық IPO-ның екінші кезеңі басталады дегелі акционер атанғысы келетін азаматтардың дегбірі қашты. Салған ақшасының үстінен ақша көріп, пайдаға батқысы келетіндері анық. Алайда, көңілді күпті еткен сұрақтар көп. Осы орайда халықтың мүддесін қорғайтын делдалдық ұйымдарға жүктелетін жауапкершілік артты. Сол себепті осындай брокерлік мекемелердің бірі — «Фридом Финанс» инвестициялық компаниясы Астанада өз өкілдігін ашып отыр.

Халықтық IPO бағдарламасының екінші кезеңінде «Кегок» электр желілерін басқару компаниясының акциялары сатылымға шығарылып отыр. Экономикалық сарапшылар бұл ұйымның құнды қағаздары табысты дегенмен, қарапайым тұрғындарды толғандыратын сұрақ көп.

«Акцияны қалай аламын?» дегеннен бастап, «шығынға батып, ұтылып қалмаймын ба?» деген алаңдататын мәселе де жетерлік. Бұл ретте халықтың көңілін күпті еткен сұрақтарға жауап беріп, қор биржасындағы істерін жүргізуде елеулі қызмет істеп келе жатқан «Фридом Финанс» компаниясының маңызын атап өткен жөн.

ТИМУР ТУРЛОВ, «Фридом Финанс» ИК бас директоры:
– Акционер болғысы келген азамат біздің кеңсеге келіп, есепшот ашуға өтініш білдіре алады. Шотты ашқаннан кейін осы шотқа ақша аударуы тиіс. Бұл шаралардың бәрі қарашаның соңына дейін жасалуы керек. Өйткені тіркеу 3-ші желтоқсанға дейін ғана жүргізіледі. Ал осыдан соң акция сатып алған адам әрбір жарқыраған шамнан түскен табыстан дивидент ала алады.

Нақты ақпарат алу үшін «Фридом Финанс» инвестициялық компаниясына жүгінген абзал. Өйткені, «Халықтық IPO» аясында азаматтарға кеңес беру мақсатында арнайы дайындықтан өткен 50 лектор қызмет көрсетеді. Одан басқа артықшылықтары жетерлік.

ГҮЛЖАНАТ СӘРЕНОВА, «Фридом Финанс» ИК Астана қалалық филиалының директоры:
– Біздің жұмыс мерзіміміз оннан тоғызға дейін. Демалыс күндері сұраныс бойынша біз келіп ашып, қызмет көрсете аламыз. Одан бөлек үйінен шыға алмайтын кісілер, жұмысы тығыз кісілер болса оларға жұмыс орнына апарып береміз. Апарып, келісімшартқа қол қойғызып, шотын ашып береміз.

«Фридом Финанс» компаниясы Қазақстан нарығында 5 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Бүгін Астанада ашылған бөлімше республика бойынша жоспарланған 12 өкілдіктің алғашқысы болып отыр.

Businessnews.kz.

Алдыңғы «
Келесі »