Астана әкімі жер асты және жер үсті өткелдерін салуға баса назар аударды

  • 11.11.2014
  • 352 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков аппараттық кеңесте Мемлекет басшысының жаяу жүргіншілерге арналған жер асты және жер үсті өткелдерін салу жөніндегі тапсырмасын орындауға баса назар аударды. Бұл да жолдардағы қауіпсіздікке, кептелістерге өз әсерін тигізеді. 

Жер асты және жер үсті өткелдері жол-көше желісіндегі көлік жүктемесін азайту және қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін қажет. Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, жаяу жүргіншілер өткелдері қалалық жол инфрақұрылымының маңызды элементі болып табылады. Елордада жалпы саны 99 жер асты және жер үсті өткелдерін салу көзделіп отыр. Себебі, елорда тұрғындары мен қонақтарының басым бөлігі жаяу жүреді, әрқашан да жолдан жай өту мүмкіндігі болуы тиіс.  

baq.kz

Алдыңғы «
Келесі »