Қазақстанның 18 әуежайының 14-інде ұшу-қону жолақтары реконструкция дан өтті

  • 11.11.2014
  • 408 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Талдықорған әуежайынан кейін қарашаның басында Орал әуежайын реконструкциялаудың бірінші кезеңі аяқталып, соның аясында ондағы ұшу-қону жолағы нығайтылды. Сөйтіп, еліміздің 18 әуежайының 14-де ұшу-қону жолағы реконструкциядан өткендігі жөнінде ҚР инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев хабардар етті. 

Әуежайларды реконструкциялау ҚР көлік жүйесі инфрақұрылымын дамыту және интеграциялаудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында іске асырылып жатқандығын атап өтеміз. Орал мен Талдықорғандағы ҰҚЖ-н жаңғыртудан тыс, биылғы жылдың аяғына дейін Петропавл қаласының әуежайына арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады. 2020 жылға дейін қалған төрт әуежайдың, атап айтқанда Қостанай, Семей, Өскемен және Петропавл әуежайларының ҰҚЖ-ның реконструкциясын аяқтау жоспарлануда.

Сөйтіп, 2020 жылға дейін Қазақстанның барлық ірі әуежайлары реконструкциялаудан өткізілетін болады.  

baq.kz

Алдыңғы «
Келесі »