Елге келген инвестиция көлемі 12,5 млрд АҚШ долларын құрайды – Б.Сағынтаев

  • 11.11.2014
  • 379 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Мемлекет басшысының төрағалығымен өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев елге келген инвестиция көлемінің 12,5 млрд долларға жеткендігін мәлімдеді.

– Жыл сайын Қазақстанға келіп жатқан шетелдік инвестиция көлемі 12,5 млрд АҚШ долларын құрайды. Ал мұндай деректер бүгінгі таңда Ресей, Бразилия, Түркия сынды елдердің жалпы ішкі өнімнің 6 пайызына тең екендігін байқауға болады, – деді Бақытжан Әбдірұлы.
Сондай-ақ ол өз мәлімдемесінде 2017 жылға қарай Партия алдына 453 шақырым темір жол телімін төсеуді межелеп отырғандығын да атап өтті.
– Бүгінде өзіңіздің бастамаңыызбен жүзеге асып жатқан «Жезқазған-Бейнеу» темір жол телімі аясында 1 250 шақырым шойын жол салынды, – деді ол.

baq.kz

Алдыңғы «
Келесі »