Арқалық маңына зымыран капсуласы келіп қонды

  • 10.11.2014
  • 405 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бүгін Астана уақытымен сағат 9:57-де халықаралық экипаж мүшелері бар капсула Арқалық қаласының маңына қонды деп хабарлайды 24.kz.

Ғарышкерлер ғаламшарда 162 күн болған. Экипаж құрамында Роскосмос ғарышкері Максим Сураев, NASA астрономы Рид Вайзман және Еуропалық ғарыш агенттігінің ғарышкері Александер Герст бар. Экипаждың жерге сәтті қонуын қамтамасыз етуші әскери құтқарушылар өз жұмыстарын ойдағыдай атқарды.

baq.kz

Алдыңғы «
Келесі »