ҚР Парламент Сенатының төрағасы Морокко Корольдігіне ресми сапармен барады. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өкілі Әсет Мұқажанов мәлімдеді.
"Қазақстан Республикасы Параламентінің сенаты төрағасы Қасымжомарт Тоқаев 10-13 қараша күндері аралығында Морокко Корольдігінің астанасы Рабат қаласында ресми сапармен болмақ" деді ол журналистермен өткен жиында.
Сапар аясында Марокко Парламенті Кеңесшілер палатасының төрағасы Мухаммад Аш-Шейх Биядилламен, Парламенттің Депутаттар палатасының төрағасы Рашид Аль-Алямимен, премьер-министр Абдельиллах Бенкиранмен келіссөздер болады.
Қ.Тоқаевтың сондай-ақ, Үлкен Касабланка облысының губернаторы Халид Сафирмен кездесуі жоспарланған.
baq.kz