Қызылордадағы қалдық өңдеу зауытын ЕҚҚДБ қаржыландыр мақ

  • 10.11.2014
  • 304 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қызылорда қаласында салынуы тиіс қалдықтарды өңдеу зауытын Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі қаржыландыратын болды. Бүгін Астанада Қызылорда облысы және қаласы әкімдігі, сонымен қатар, ЕҚҚДБ арасында үш жақты меморандумға қолы қойылып, жоба жұмысының алғашқы шарты жасалды. 

Жоба аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп шығаратын жаңа зауыт салынатын болады. Нәтижесінде қала маңындаңы қоқыс полигоны жабылмақ.

Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, Қызылорда өңіріндегі полигонға тасталатын тұрмыстық қалдықтардың көлемін пайдалы функцияларды бөлу арқылы сұрыптау және ақырғы өнім алу, сұрыпталған екінші деңгейлі шикізаттан өнім өндіру жолымен азайтылады.
Айта кетейік, Банкпен қаржыландырудың жоспарланған көлемі 3,6 миллиард теңгеге дейінгі соманы құрайды. Несиелендіру мерзімі 13 жыл. Қарыздың негізгі сомасын өтеу мерзімі 10 жыл. Бұл жоба тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеудің басқару жүйесін дамытуға да оң әсерін тигізбек. Сонымен қатар, жұмыс орындарын ашу арқылы өңірдегі жұмыссыздар санын қысқарту көзделіп отыр.

baq.kz

Алдыңғы «
Келесі »