Атырауда Венгрияның құрметті консулы тағайындалды

  • 09.11.2014
  • 451 рет оқылды
  • Пікір жоқ
 Атырауда «Атырау Жарық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Оразғали Каршегенов Венгрияның құрметті консулы болып тағайындалды. 

«Атырауда құрметті консулды тағайындау заң аясында жүзеге асырылып отыр. Өйткені, Қазақстан мен Венгрия арасында тығыз әріптестік қарым-қатынас орнаған және ол нығайып, ықпалдастық деңгейінің ауқымын кеңейтіп келеді. Соның ішінде, Атырау облысының орны екерше, көптеген Венгриялық компаниялар осы аймақта шоғырланған. Меніңше, Атыраудан құрметті консулдықты ашу өзара байланысты жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», – деді Венгрияның Энергетика және экономика министрі Михай Варга құрметті консулды таныстыру шарасы барысында. 

ҚазАқпарат

Алдыңғы «
Келесі »