СҚО әкімі Петропавлдың жол және коммуналдық қызметтерінің автопаркін тексерді

  • 07.11.2014
  • 268 рет оқылды
  • Пікір жоқ

 Петропавлда жол және коммуналдық қызметтер автопаркі тексерілді. Қысқы кезеңде облыс орталығы көшелерін жинауға 5 кәсіпорыннан 200-ге жуық техника жұмылдырылады.

Коммуналдық қызметкерлер техникасын тексеруге облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты. Қысқы кезеңде облыс орталығы көшелерін жинауға 5 кәсіпорыннан 200-ге жуық техника қатысады. 50 текше құм-тұзды қоспа сатып алынды. Бұл өткен жылғыдан 60 пайызға көп. Жалпы жинау жұмыстарына 155 арнайы техника тартылмақ. Олардың ішінде – 16-сы жаңа машиналар. Әр  ұйымға бір-бір көшеден бекітілген.

  Техника барысын тексеруге әкім қатысты.

 «Қала екі бөлікке бөлінген. Бірінші кезекте – магистральдық көшелер, олардың саны – 35. Бұл негізгі бағыттар. Оларды сағат кешкі 11-ден түнгі 3-ке дейін тазалайды. Бұл көшелер шамамен 1 млн. шаршы метрді құрайды. Екінші бөлігі – тұйық көшелер мен шеткері аймақтар. Олар шамамен 2 млн. шаршы метр», – деп хабарлады Петропавл қаласы ТКШ  бөлімінің басшысы Жанабек Тұрсынов.

Қалың қар басқан кезде жол және коммуналдық қызметтер тәулігіне 5 млн. текше метр қарды сыртқа шығара алады

ҚазАқпарат

Алдыңғы «
Келесі »