• «Ақиқат» журналы
  • >
  • Ақпарат
  • >
  • Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығын атап өту аясында «Алтайдан Дунайға дейін» экспедициясы ұйымдастырылады

Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығын атап өту аясында «Алтайдан Дунайға дейін» экспедициясы ұйымдастырылады

  • 05.11.2014
  • 402 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығын атап өту аясында «Алтайдан Дунайға дейін» экспедициясы ұйымдастырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Біз Мажарстанмен бірлесіп, «Алтайдан Дунайға дейін» халықаралық экспедициясын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге Германиямен де бірқатар шаралар өткізу жоспарда бар. Мәселен, бірлескен археологиялық қазба жұмыстары қолға алынады. Көптеген шетелдік ғалымдар осында келіп, Қазақстанның тарихын зерделеуге, жұмыс істеуге ниет танытуда. Меніңше, осының барлығы осынау атаулы оқиғаны лайықты деңгейде мерекелеуге мүмкіндік береді», – деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сондай-ақ А.Мұхамедиұлы Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдық мерейтойын атап өту барысында облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық шаралардың да ұйымдастырылатынын баса айтты. Дегенмен ол бұл шараларды өткізу мерзімі алдағы уақытта нақтыланып, осы жылдың желтоқсан айында жария етілетіндігін ескертіп өтті.

ҚазАқпарат

Алдыңғы «
Келесі »