Павлодарда көптен күткен экологиялық жоба жүзеге асатын болды

  • 03.11.2014
  • 282 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Павлодарда зиянды қалдықтарды жоятын зауыт салынбақ. Бұл туралы Кереку өңірінде өткен «Ертіс-Инвест-2014» халықаралық форумында облыс әкімі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Шетелдік серіктестермен бірлесіп салынатын зауыт «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында бой көтермек.

ҚР Энергетика Министрлігі қалдықтарды басқару департаментінің бас сарапшысы Айдар Махметовтың айтуынша, тың бастаманың Қазақстанда баламасы жоқ. Жаңа кәсіпорын қалдықтың барлық түрін тіпті мұнаймен ластанған топырақты да өңдеп тазартады. Құрылыс республикалық бюджеттен және Бүкіләлемдік банктен қаржыландырылады. Бұл жобаға «Павлодар» арнайы экономикалық аймағынан орын бөлініп отыр. Қалдықтарды жою жүйесін енгізу меморандумына Павлодар облысы әкімдігі мен табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау басқармасы, сондай-ақ осы салада жұмыс істейтін итальяндық компаниялардың бірі қол қойды.

Қанат Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі:
– Кұны 40 млн доллар болатын меморандумға қол қойылды. Жоба 3 кезең бойынша жүзеге асады.Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және қауіпті қалдықтарды жою зауытын қоса есептегенде, әрбіріне 5 жыл мерзім кетеді.

Сондай-ақ Қанат Бозымбаев «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының құрылысы қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. Биыл инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінген. Қазір арнайы экономикалық аймақта 3 кәсіпорын жұмыс істейді. Жылдың аяғына дейін тағы 3 зауыт іске қосылмақ. «Ертіс-Инвест -2014» форумында 124 жаңа жоба ұсынылып, 39 миллиард теңгенің келісімі жасалды. Олар сәтті жүзеге асырылатын болса, қосымша 2,5 мың жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Businessnews.kz.

Алдыңғы «
Келесі »