• «Ақиқат» журналы
  • >
  • Ақпарат
  • >
  • Қазақстан БҰҰ арнайы қоры арқылы Эбола вирусымен күресу үшін Африка елдеріне қаржылай көмек көрсетті – СІМ

Қазақстан БҰҰ арнайы қоры арқылы Эбола вирусымен күресу үшін Африка елдеріне қаржылай көмек көрсетті – СІМ

  • 02.11.2014
  • 298 рет оқылды
  • Пікір жоқ

 

Қазақстан БҰҰ арнайы қоры арқылы Эбола вирусымен күресу үшін Африка елдеріне қаржылай көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚР СІМ
Әлемде02 Қараша, 10:02

"Қазақстан бейбітшілік сүйгіш, тұрақты, серпінді дамитын елдер санатындағы әділдігімен, тиімді, үйлестірілген тәсілдерімен, көпжақты ынтымақтастыққа, жанжалдарды басуға, бітістірушілікке көңіл бөлетіндігімен танымал мемлекет болып табылады. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көптеген танымал  маңызды жаһанды және өңірлік бастамаларының авторы ретінде, ел сыртқы саясатын жаһанды мәселелер шешіміне тартуды көздеген дүниежүзі дәрежедегі Елбасы ретінде халықаралық қауымдастықта талассыз беделге ие тұлға", – делінген хабарламада.

Осыны ескере отырып, БҰҰ Бас хатшысының Эбола бойынша арнайы өкілі Дэвид Набарро еліміздің басшылығына қаржылай көмек көрсетуді өтінді. Эбола – вирустық ауру, Батыс Африкада 2014 жылы наурыз айында басталып, бүгінгі күнде бүкіл әлемге қауіп төндіруде.

БҰҰ-ның жауапты және дәйекті мүше мемлекеті, әлем ұлттарының сенімді серіктесі, өткен жылы Африка Одағында бақылаушы ретінде кірген мемлекет  ретінде Қазақстан бұл өтінішті шұғыл қарастырып, келісімін берді. Көмек, ең алдымен Африка континентінің көп зардап шеккен елдерінің халқына көрсетілтіндігі ескертілді.

Қазақстан көпжақты дипломатияның белсенді жақтасы ретінде, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 ж.ж. аралығына тұрақты емес мүшелікке өз кандидатурасын ұсынған болатын. Осыған дейін тарихта Орталық Азия кең субаймағының өкілдері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өкілдік етпегені әлемнің заманауи трансұлттық сындары мен қауіптеріне ұшыраған барлық аймақтарының тағдыры мен мәселелерін шешуде аса жауапкершілік жүктейді.

2014 жылғы қазан айының соңында Қазақстан Үкіметі БҰҰ Эболамен күресу жөніндегі Миссиясының қызметін қаржыландыру үшін БҰҰ Эбола вирусымен күресу жөніндегі Ерікті көпәріптестік қорына қаражат бөлді. Бұл мақсатты қор үкіметтер мен басқа да әріптестердің күш-жігерін қолдау мен Батыс Африкада тараған Эбола лихорадкасына байланысты мәселелерді шешуге арналған қажетті ерікті салымдарды біріктіру мақсатында құрылған. Оның мақсаты 2014 жылғы қараша айының басына дейін ауруды тоқтату үшін Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының есебіне сәйкес, 1 миллиард АҚШ долларын жинап шығу.

Бүгінгі таңда БҰҰ бұл мәселемен күресудің 5 негізгі мақсатты алдына қойып тұр: ауру таралуын тоқтату, ауруға шалған адамдарды емдеу, қажетті қызмет көрсету, тұрақтылықты қолдау және вирустың әрі қарай тарауына жол бермеу. Негізгі мақсат – 6-9 ай ішінде аурудың таралуын тоқтату.

strategy2050.kz
 

 

Алдыңғы «
Келесі »