Орал қалалық мәслихатына жаңадан екі депутат сайланды

  • 28.10.2014
  • 457 рет оқылды
  • Пікір жоқ

 

Орал қалалық мәслихатына шығып қалғандардың орнына жаңадан екі депутат сайланды.

Орал қалалық сайлау комиссиясынан түскен мәліметке қарағанда, №3 қалалық сайлау округі бойынша 9534 сайлаушы тіркелсе, 26 қазан күнгі сайлауда соның 6514-і дауыс беруге қатысқан. Осының 678-і – үміткер Вячеслав Букинді, 5730-ы – Аркадий Рубцовты жақтап дауыс берген. Сөйтіп 1976 жылы туған «Стекло-Сервис» ЖШС директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Аркадий Рубцов депутат болып сайланды.

Сондай-ақ №7 қалалық сайлау округі бойынша 9653 сайлаушы тізімге енгізілсе, соның 5379-ы дауыс беруге қатысқан. 551-і – Руслан Бегалиевті, 4759-ы – Нұржан Сертековті жақтап дауыс берді. №7 округ бойынша 1966 жылғы азамат, Құрманғазы атындағы музыка колледжінің директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Нұржан Сертеков депутат болып сайланды.

«Әрине, депутат болу үлкен жауапкершілік жүктейді. Сайлаушылар сенімін ақтау үшін бар білім-білігімді, тәжірибемді салып жұмыс жасаймын», – деді Н.Сертеков.

ҚазАқпарат

 

Алдыңғы «
Келесі »