«Әлемдегі Исламофобия кімге тиімді?» атты дөңгелек үстел өтті

  • 28.10.2014
  • 470 рет оқылды
  • Пікір жоқ

«Ақиқат» журналының редакциясында  «Әлемдегі Исламофобия кімге тиімді?» атты дөңгелек үстел өтті. Оған белгілі саясаттанушылар мен дінтанушылар қатысып, дін тақырыбы төңірегінде өз пікірлерін ортаға салды.  

Әлемде «Исламофобия»  ұғымына әртүрлі  анықтама беріледі. 

Дүниежүзіндегі  ең  танымал Википедия  сөздігінде: «Исламофобия ‒ ислам  дініне қарсы реакциялардың жиынтық түсінігі және сонымен байланысты  қоғамдық  құбылыстар»  делінсе, Г. Энгельгардт и А. Крымин атты зерттеушілер «Исламофобияны» мұсылман халықтары өздеріне қарсы деп  бағалаған әрекеттер мен  пікірлер жиынтығы»  дегенді айтты. Ал, британдық профессор Гордон Коннуэй,  «Исламофобия БАҚ арқылы қоғамның  барлық саласына  таралатын Ислам мен мұсылмандардан үрей мен жеккөрушілік» деген  анықтама берді. Іс  жүзіне келсек, Исламофобия  2001 жылы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы терракттан кейін мүлде ушығып, қоғамда қорқыныш тудыратын  терминге айналды.  Сонда,  Исламофобия  табиғи ресурстарға бай мұсылман елдерін «құбыжық» етіп  көрсетіп, әлемді өшіктірудің амалы ма?  Әлде, АҚШ халқын топтастыратын «мүдде», яғни, идеология құралы ма? Осы және өзге де  мәселелер журналымыздың «Келелі кеңесінде» талқыланған  болатын.  КеңескеАбай атындағы ҚазМҰУ оқытушысы Әзімбай Ғали, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  з.ғ.д., профессор Зайлағи Кенжалиев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  ф.ғ.д., профессор, әл-Фараби Орталығының директоры Жақыпбек  Алтаев, қоғам қайраткері Дос Көшім, философ Әбдірашит Бәкірұлы, ф.ғ.к., PhD  доктор Әсел Байелі,  дінтанушы Рақымжан Әкімбеков қатысып,  исламофобия  себептері мен салдары туралы ойларын айтқан еді.

Дөңгелек үстелдің толық  нұсқасы журналымыздың №11, қараша айындағы санында жарық көреді.

 Жания  Әбдібек

Алдыңғы «
Келесі »