Иоган Меркель Қостанай облысында прокуратураның жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты

  • 21.10.2014
  • 386 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қостанай облысында Алтынсарин аудандық прокуратурасының жаңа әкімшілік ғимаратының ашылуы салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасынан.

Шараға Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель, Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов, облыс прокуроры Марат Қайбжанов, прокуратура органдарының ардагерлері, облыстың құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, сондай-ақ ауданның жергілікті атқарушы және өкілдік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Бас прокурордың бірінші орынбасары аудан прокуратурасының ұжымын осы айрықша күнмен құттықтай отырып, еліміздің басшылығы тарапынан үнемі көңіл бөлінуі нәтижесінде прокуратура органдары қызметкерлерінің материалдық-техникалық жабдықталуы жақсарып келе жатқанын атап өтті. Тек соңғы төрт жыл ішінде ғана елде прокуратура органдары үшін 89 ғимарат салынды, оның ішінде 6-ы – Қостанай облысында, көптеген қала және аудан прокуратуралары қайта құрылып, көркейтілді.

И.Меркель Алтынсарин ауданы прокуратурасының ұжымына өңірдегі заңдылық пен құқық тәртібін күшейту жұмыстарында әрі қарай табысқа жетулерін тіледі.

20141021085453

Хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдыңғы «
Келесі »