Елордада халықаралық ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқылануда

  • 16.10.2014
  • 298 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бүгін елордада «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы ақпараттық қауіпсіздік» тақырындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Ағымдағы жылы халықаралық шараға Канада, АҚШ, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея сынды 10-нан астам елден өкілдер қатысуда.  Олар халықаралық және Кеден одағы аясындағы ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылауда.

«Өздеріңіз білетіндей,  үш елдің экономикасын Кеден одағы аясына біріктіруге бағытталған шаралар қолға алынуда. Ал келер жылдың 1 қаңтарынан Еуразиялық экономикалық жұмыс іске қосылады. Осы бірлестіктің аясында бірқатар жаңа проблемалардың туындайтындығы сөзсіз. Сондықтанда да бүгінгі конференция аясында сандық-электронды қолтаңба, бірыңғай стандарттар, сенім мәселелеріне қатысты мәселелер жиын қатысушыларының егжей-тегжейлі талқысына түсетін болады», – деді БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ақпараттық қауіпсіздік және технология институтының директоры Ержан Сейітқұлов.

Оның атап өтуінше, бүгінгі халықаралық жиын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауының басымдықтары аясындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерді талқылау үшін өткізілуде.

Алдыңғы «
Келесі »