• «Ақиқат» журналы
  • >
  • Ақпарат
  • >
  • Елордада кәсіби кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді – ҚР БҒМ

Елордада кәсіби кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді – ҚР БҒМ

  • 16.10.2014
  • 310 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бүгін,16 қазанда М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласының Білім басқармасының Гуманитарлық колледжі «Кәсіби кадрларды даярлау стратегиясы: мәселелер мен перспективалар» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Мұндағы мақсат кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру, тәжірибе алмасу, жаңашылдыққа ұмтылудың жаңа мүмкіндіктерін ашуға ықпал ету болып табылады.

Конференцияға Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Е.Иманғалиев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаментінің директоры С.Мадеев, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Э.Суханбердиева, сонымен бірге облыстық, Астана, Алматы қалалық Білім беру басқармаларының, Республикалық ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-әдістемелік орталықтарының және ТжКБ педагогикалық білім беру мекемелерінің басшылары қатысады.

Конференцияның секциялық жұмысы 4 бағытта өтеді.

Алқалы жиынға Қазақстан мен  Ресей Федерациясының 45 педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждерінің өкілдері қатыспақ.

Сондай-ақ, конференция аясында кәсіптік білім беру саласындағы іс-тәжірибелерді таныстыру мақсатында «Кәсіптік білім беру жүйесін жаңарту. Негізгі үрдістер» атты тақырыптық көрме экспозициясы ұйымдастырылады.

Алдыңғы «
Келесі »